Апельсин кексін дайындап үйренейік

Апельсин кексін дайындап үйренейік

Ингредиенттер:

- 1 апельсин;

- 3 жұмыртқа;

- ¾ стақан құмшекер;

- ½ стақан ұн;

- ½ шай қасық қопсытқыш;

- бір шөкім ванилин;

- ¾ стақан жүзім.

Дайындау жолы:

1. Апельсинді кішкентай кәстрөлге салып, үстіне су құйып, баяу жанып тұрған отқа қойып қайнатыңыз. Қайнатып болғаннан соң суын төгіп тастап, жемістің суығанын күтіңіз.

2. Пешті 180 градусқа қойып, табаңызға май жағып, астына қағаз жайыңыз. Жұмыртқаны қантпен араластырып, қоспаға ванилин, қопсытқыш және ұнды қосуыңыз керек.

3. Апельсинді алты бөлікке бөліп, блендерге салып езбеге айналғанша ұнтақтаңыз. Кейін апельсин езбесін қамырға салыңыз.

4. Жүзімді кептіріп, сосын ұнға аунатып, қамырға қосуыңыз керек.

5. Барлық ингредиенттерді қамырмен бірге жақсылап араластырып, 45 минут пешке қойыңыз. Дайын болған соң үстіне қант ұнтағын себуіңізге болады.

Асыңыз дәмді болсын!

Ж. Исакаев