Қара шәйдің пайдасы

Қара шәйдің пайдасы

Адам баласы ерте кезден шәй өсіріп, оның денсаулыққа пайдалы екенін анықтаған. Алайда, кез келген шәй пайдалы бола бермейді. Мысалы, дүкен сөрелерінде толып тұрған бөтелкедегі суық шәйлардың көк шәй немесе қара шәй сияқты емдік қасиеті жоқ. Оның құрамында калорийлер көптеп кездеседі, газдалған сусындар іспетті адам ағзасына еш пайдасын тигізбейді. Шәй қалташаларының еш пайдасы жоқ, ол шаң-тозаңға толы келеді. Сондықтан жаңа қайнаған қара шәй ішкен дұрыс.

«Қайнаған шәй шипалы, ал ұзақ тұрып қалған шәй жылан уынан улы» деген шығыс даналығы бар. Қара шәй құрамында В1, В2, Р, РР дәрумендері, эфир майлары, минералды тұздар, танин, кофеин сияқты пайдалы биологиялық заттар кездеседі. Диетолог мамандар күнделікті 7-8 кесе қара шәй ішуге кеңес береді.

Қара шәйдің пайдасы

  • Анемия ауруына шалдыққан жандар қара шәй көмегімен бойындағы қан айналымын жақсартып, гемоглобин көрсеткішін ұлғайта алады.
  • Қара шәй күйік шалғанда көмекке келеді. Күйіп қалған кезде жарақатқа қара шәй самасын басып, таңып тастаңыз.
  • Қара шәй бүйрек, бауыр, өт жолдарын зиянды қалдықтардан тазартып, ас қорыту жүйесін жақсартады.
  • Есте сақтау мен ойлау қабілетін жақсартып, көздің көру деңгейінің көтерілуіне жол береді. Көз ауруларының алдын алады. Ол үшін қара шәймен көз айналасын жуып тұру керек.
  • Жүрек, жүйке, өкпе және онкологиялық аурулардан сақтайды.
  • Тіс эмалін әлсіреуден сақтап, кариесті болдырмайды.
  • Ішек ауруы кезінде қою қара шәй ішкен абзал. Қара шәй құрамындағы микро элементтер ішек инфекцияларын сыртқа шығарып, асқазанды тазартады.
  • Қара шәйға лимон, бал немесе қант қосып ішсе, иммунитет күшейеді. Суық тиіп, тұмаумен ауырған кезде көп мөлшерде лимон не бал қосылған ыстық қара шәй ішкен дұрыс.
  • Қара шәй қант диабетінен сақтайды. Бірақ, бұл жағдайда оны қант, тосап я бал қоса пайдаланбаған жөн.
  • Қара шәйға сүт қосып ішсе, оның пайдалылығы арта түседі. Сүт қара шәйдің құрамындағы пайдалы элементтермен бірлесіп, адамға сергектік беріп, созылмалы аурулардың алдын алады.

Ескерту!

Қара шәйді аяғы ауыр келіншектерге, емізетін аналарға, глаукома, варикоз, йод жетіспеушілігі ауруларына шалдыққан жандарға көп мөлшерде ішуге болмайды. Қара шәйді аш қарынға қызыл, қатты ыстық және тым суық күйінде пайдаланбаған абзал.

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ

Суреттер: passion.ru, tea.ru

Ғ. Ұзақ