Шай демдеп үйренейік

Шай демдеп үйренейік
Фото: chay.by

Сізді жылытады, көңіл-күйіңізді көтереді, әлдендіріп, күш-қуат береді, сонымен қатар теріңіз бен шашыңызға ерекше сұлулық сыйлайды. Ол - әрине, шай. Кәдімгі қарапайым қара шай, көк немесе қызыл шай, гүлді және түрлі шөптен жасалған шай. Ең бастысы оны дұрыс демдеп үйренуіңіз керек. Сонда ғана ол сіздің денсаулығыңызға пайдасын тигізеді. Назарларыңызға шай дайындағанда ескеретін ережелерді ұсынамыз.

Өзіңізге ұнаған шайды таңдаңыз.

Ең оңай жолы мынадай: сіз таңдаған шай үнділердікі ме, қытайлардыкі ме немесе Шри-Ланканың шайы ма, ол маңызды емес, маңыздысы өзіңіздің көзқарасыңызға, өзіңіздің талғамыңызға сай шайды таңдауыңызда. Оның бағасы мен сорты да маңызды болмау керек. Тек сіз өзіңіз дұрыс таңдау жасағаныңызға сенімді болуыңыз керек.

Дұрыс шәйнек алыңыз.

Шай сарапшылары шайды қайнатуға ғана емес, дұрыс шәйнек алуға да кеңес береді. Ең жақсы шәйнек – керамикалық. Бұл шәйнек жылуды жақсы сақтайды. Сондықтан шай да жақсы дайындалады.

Сапалы су.

Судың термиялық өңдеуге түсетініне қарамастан оның сапасы мен дәмі шай демдегенде өте маңызды. Әрине, суды таудан аққан бұлақтан алғаныңыз жақсы, бірақ оған әрдайым қолыңыз жете бермейтінін түсінеміз. Сонда да судың ешқандай иіссіз, таза болғаны дұрыс. Дәмі мен хош иісі шайға көп әсер етеді.

Аққұманға салатын шай неше қасық болу керек?

Бұл ең басты сұрақтардың бірі. Шай мықты қою болып кетпеу керек. Сарапшылар шамамен 170 м суға 1 шай қасық салсаңыз жеткілікті дейді.

Судың температурасы.

Бұл да шайдың дәміне әсер ететін маңызды нәрсе. Қара шайға, шөптен жасалған шайға, қытайдың шайына 98-99 температура градус жеткілікті болса, одан жеңілірек ашық шайларға 82-83 градус та жетеді. Сол себепті температура межелігі бар шәйнектеріңіздің болғаны жақсы.

Демдеу уақыты.

Шайдың дәмі демдеу уақытымен тікелей байланысты. Оны отта өте көп те, аз да ұстауға болмайды. Қанша десеңіздер? Мысалы қара шайға – 3-5 минут жарайды. Егер шайдың қою болғанын жақсы көрсеңіз, онда одан да көбірек қайнатсаңыз болады. Ал шайдың ашық сұрыптарына – 2 минут та жетеді.

Шайдың дем алуына мүмкіндік беріңіз.

Шай демдейтін шәйнектің барлық жерін бітеп тастаудың қажеті жоқ. Оны бетіне дейін толтырмауға тырысыңыз. Сонда шайыңыз қайнап, төгіліп жатпайды. Дәмі де тіліңізді үйіреді. Жапырақтардан жасалатын шай өте жақсы. Өйткені олардың хош иісі көңіл-күйіңізді көтеріп, ерекше күш-қайрат сыйлайды.

Өздеріңіз көріп отырғандай, бір шынаяқ шайды дайындау үшін көп уақытыңыз кетпейді. Тек жоғарыда айтылған қағидаларды дұрыс ұстансаңыз болғаны. Шайларыңыз дәмді болсын!

Ж. Исакаев