Студент ас үйі: Қан көбейтетін сорпа

Студент ас үйі: Қан көбейтетін сорпа
Фото: www.huhmagazine.co.uk

Студенттерге арналған, оңай әрі тез дайындалатын мәзірлер тізбегін жалғастырамыз. Бүгінгі мәзірде: қызылша сорпасы.

Мәзір қоспалары:

— 450 грамм қызылша

— 150 грамм қаймақ

— 4 жұмыртқа

— 300 грамм қияр

— 45 грамм көк жуа

— 20 грамм ақжелкен

— 20 грамм аскөк

— тұз

— секер

— 2-4 шай қасық лимон шырыны

 

Жасалу жолы:

1. Жұмыртқаны қайнатамыз.

2. Қызылшаны да суға қайнатамыз, ол пісем дегенше барлық көкөністі төртбұрыштап тураймыз.

3. Көк шөптерді тураймыз.

4. Қайнаған жұмыртқаны төртбұрышты пішінде тураймыз.

5. Қызылша қайнаған соң үккіштің ірі көзінен өткіземіз.

6. Барлығын үлкен кәстрөлге салып, үстіне тұз бен секер сеуіп, су құямыз, қаймақ саламыз.

7. Дайын болған астың бетіне де қаймақ салып дастарқанға ұсынамыз.

@. @assel_assanova