Дұрыс тамақтанбаудың салдары

Дұрыс тамақтанбаудың салдары
Фото: plus.google.com

Арықтағысы келетін қыз-келіншектер диетаны дұрыс таңдамай не сақтамай жатады. Кейбірі артық 500 грамм жинап алса, тәтті, ащы, қуырылған тағамнан кенеттен бас тартып, су мен сәбізден басқа ешнәрсе жемей жүреді. Бұл әрі қауіпті әрі артық салмақтан арылуға көмектеспейді.

Тамақ мәзіріңізде калорий тым аз болуының салдары қандай?

Жасуша, тін, ішкі органдар қалыпты қызмет етуі үшін ағзаға белгілі бір мөлшерде калорий қажет. Әр ағзаға қажет калорий мөлшері әртүрлі. Әйел адамның жасы, салмағы, өмір сүру салты, етеккір кезеңі, гормондар қалпына қарай күніне қанша калорий қажет екені анықталады.

Арықтау үшін ағзада калорий тапшылығы болуы керек. Сонда ағза калорийдің орнына ішкі майларды өртей бастайды. Нәтижесінде артық салмақ азаяды. Алайда егер калорий тапшылығы тым жоғары болса, тамақтану кезінде ағза қажет емес элементтерді де жинай бастайды. Демек, артық салмақ та жинала береді.

Мұндай тамақтану тәртібі ас қорыту жүйесінің бұзылуы, гормон қызметінің бұзылуы, бала көтере алмаушылыққа апарып соғуы мүмкін екенін ескерту жөн.

Қалай арықтау керек?

Осыған дейін сан рет қайталап келген формула ғана сізге арықтауға көмектеседі: дұрыс тамақтану + спорт. Бір айда, екі айда нәтиже болмағанмен, уақыт, еңбек пен шыдамдылықтың арқасында мақсатыңызға жетесіз.

Арықтауға арналған қарбыз диетасыкүріш диетасыарықтауға арналған мұз диетасыарықтауға арналған жұмыртқа диетасыарықтауға арналған қант диетасыарықтауға арналған құлпынай диетасыарықтауға көмектесетін диета,  жігіттерге арналған диетатез арықтататын диета сынды диета түрін жазған болатынбыз. Олардың да көмегі тиер деген ойдамыз.   

Ф. Абилова