Сенбілік салат

Сенбілік салат
Фото: andychef.ru

Жеміс-жидектер адамға өте көтеріңкі көңіл сыйлайды. Денсаулығымыздың жағдайын жасаумен бірге, әрбіріміз демалыс күндерді көңілді өткізейік.

Оңай әрі жылдам жасалатын сенбілік салатты жасап көріңіз.

- грейпфрут 1/2 бөлігі (жартысы)
- апельсин 1/2 бөлігі
- банан 1/2 бөлігі
- 1 шай қасық ұнтақталған бадам ( миндаль)

Грейпфрут пен апельсинді бөліктерге бөліп, қатты қабығынан тазартамыз.

Кішкене шаршы көлемінде турап, араластырып, жарты сағатқа тоңазытқышқа қоямыз.

Бананды езіп, апельсин және грейпфрутпен араластырамыз.

Тәрелкеге салып, үстіне ұнтақталған бадамды себеміз.

Сенбілік салатымыз дайын.

@. @assel_assanova