Пісіруге арналған жең

Пісіруге арналған жең

Шебер аспазшының қолынан шыққан, көкөністермен әрленген, хош иісті ет немесе балық жегіңіз келе ме? Ол үшін қыруар ақша шашып, мейрамханаға бару керек деп ойлайсыз ба? Жоқ, тек сіздің ас үйіңізде пісіруге арналған жең  болса болғаны. Жеңде пісірілген тамақтардың асты күймейді, балғын болып қалады, сондай-ақ  дайындалу уақыты қысқарады.

Бір қарағанда, жең – жай полиэтиленді қабықша, бірақ, оның көмегімен бірсыпыра дәмді, пайдалы, татымды тағамдарды дайындауға болады. Жең көмегімен көкөністер қоса отырып, етті, құстың етін, балықты микротолқынды пеште де, газ пешінде де пісіре аласыз.

Дайындалу мәзірі өте оңай: жеңді керегінше өлшеп алып, ішіне ет пен көкөністерді салып, екі жағынан бекітіп пісіреміз. Жеңде өзіне тән микроклимат қалыптасады, соның арқасында тамағыңыз күймей, балғын болып піседі. Нәтижесінде, артық майсыз және күймеген пайдалы тағам шығады. Тағы бір жақсы жері -  асыңыз өте әдемі болады, тіпті, оны бір қымбат мейрамхананың аспазшысы дайындағандай болып көрінеді.

Ал ең бастысы - тазалық. Ет жеңнің ішінде болғандықтан, майы әрбір жерге тама бермейді, пешіңіз таза болып қалады. Піскеннен кейін жеңді абайлап кесіп, тәрелкелерге салсаңыз... Жуатын ыдыс та жоқ! Пісіру ерекшелектіріне келетін болсақ, жең пеште 220°С-та бірнеше сағат бойына шыдайды.

Қолдану ерекшеліктері

Кейбіреулер жең пісіруге арналған қаңылтырдан еш ерекшеленбейді деп ойлайды. Алайда, қаңылтырдың айна тәріздес беті жылуды жақсы өткізбейді, сондықтан, тамақ кішкене болса да ұзағырақ дайындалады. Дәмі де буға пісірілген сияқты болады. Ал мөлдір жеңнің ішінде тамақ керекті дәрежеде күйіп піседі. Ал тағамыңыздың қаттырақ күйгенін қаласаңыз, ет пісуге жақындағанда, жеңді бір жағынан ашсаңыз болғаны.

Жеңде пісірудің басты кемшілігі -  тағамның піскенін тек көзбен бағалауға болады. Әрине, жеңнің бір жағынан ашып, дәмін татып көруге болады, бірақ, бұл оның әрі қарай дұрыс дайындалмауының себебі болуы мүмкін. Сондай-ақ, жеңді екі жағынан байлайтын қысқыштар керек емес кезде жоғалып жатады. Бірақ, оны степлермен қыстыра салса да болады.

Кейбіреулер жең пісіру барысында жарылып кетеді деген күдікпен, оны қолданудан бас тартады. Бірақ, олай жиі бола бермейді. Шетін қаншалықты қатты байласаңыз да, буын кішкене болса да өткізетін тесіктер қалып қояды. Қосымша инемен жеңді тесуге кеңес бермейміз, себебі, бұл жағдайда, пісіру технологиясы бұзылады. Жең 220°С-қа дейін ыстыққа шыдай алады.  

Жеңнің түрлерінің бірі – пісіруге арналған пакет. Дайындау мәзірі осындай, тек пакетті жеңді сияқты мөлшерлеп кесіп алуға болмайды. Сондықтан, пакетте тек кішкентай отбасыға дайындалады.

Жеңде пісірілген хош иісті қой етінің мәзірін мына жерден көре аласыз.

 Сурет Ғаламтордан алынған.

С. А