Мәзір: "Ірімшік қосылған балмұздақ"

Мәзір: "Ірімшік қосылған балмұздақ"
Фото: koolinar.ru

Жаздың аптап ыстығында шөлімізді балмұздақтан артық қандыратын ешнәрсе жоқ шығар. Алайда дүкендегі балмұздақтарға пальма майы қосылатындықтан, денсаулыққа зиянын тигізеді. Осыған орай, балмұздақты өзіміз жасап үйренейік! 

Қажет азық-түліктер:

- 120 г қарақат;

- 60 г ұнтақталған қант;

- 120 г «Маскарпоне» ірімшігі;

- 150 мл кілегей (майлылығы 35%) қажет. 

1. Қарақатты блендердің көмегімен майдалаймыз. 

2. Ірімшік пен қантты қосамыз. 

3. Кілегейді крем деңгейіне жеткіземіз. 

4. Барлығын араластырамыз. 

5. Жақсы араласуы үшін миксерді пайдалануымызға болады.

6. Ыдысқа салып, тоңақытқышқа қоямыз. 

7. Осымен балмұздағымыз дайын. 

Ал сіз үйде балмұздақ жасап көргенсіз бе?

Қ. Бүйенбай