Қара су ішкіңіз келе ме?

Қара су ішкіңіз келе ме?

Канада еліндегі Blk компаниясы газдалмаған және калориясыз қара түсті минералды су жасап шығарды. Жақында ол сатылымға түсті және оның құны бөтелкесіне 2,3 доллар тұрады.

Жаңа минералды судың құрамына келер болсақ, сусында ешқандай жасанды бояғыш немесе нәрлі заттар жоқ. Бұл сусын әдеттегі миниралды судың қасиетімен бірдей, айырмашылық тек су түсін қамтамасыз ететін фульвоқышқылында. Сонымен қатар қара түсті сусынның құрамында жақсы көңіл-күй мен денсаулыққа қажетті 77 микроэлемент пен электролит бар.

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: mirfactov.com