Голубцы тағамын әзірлеуге ерінесіз бе?

Голубцы тағамын әзірлеуге ерінесіз бе?
Фото: takprosto.ru, rudaki.ru

Көп адам голубцы тағамын жақсы көріп, оны әзірлеуге ерінеді. Оны үйде дайындап, қаймақ қосып жегенге не жетсін?! Уақытыңызды үнемдегіңіз келсе, төмендегі тәсілді пайдаланыңыз.

Ең алдымен, дұрыс орамжапырақ таңдаңыз. Жапырақшалары барынша үлкен болғаны жөн. Оны жақсылап жуып, сыртқы қабатын алыңыз. Артынша микротолқынды пешке салыңыз. Егер орамжапырағыңыз 1,5-2 кг болса, 900 Вт-қа қойыңыз. Шамамен 12 минуттай тұрғаны жөн.

Арада 12 минут өткен соң жапырақшаларын тексеріп көріңіз. Артынша бірден суық суға салыңыз. Осылайша голубцы тағамына арналған орамжапырақтарымыз дайын. Ішіне піскен фарш салып, жей берсеңіз болады. Асыңыз дәмді болсын!

Қ. Бүйенбай