Танымал сәнбике Хайди Клумның диетасы

Танымал сәнбике Хайди Клумның диетасы
Фото: thenational.ae

Әйгілі сәнбике бірнеше жыл бойы «Нью-Йорк диетасын» ұстанып келеді. Оның авторы – Дэвид Криш. Бұл диета тонусты көтеріп, артық салмақтан тез арылуға көмектеседі. Оның бірнеше кезеңі бар.

Бұл диета бір ай мерзімді қамтиды. Оның негізгі ережесі бойынша, адамның тағам мәзіріне көмірсулар мүлде кірмеуі керек. Алғашқы екі аптада сүтті тағам, картоп, макарон, жеміс, нан мен алкоголь ішіп-жеуге болмайды. Сонымен қатар мәзіріңізден тәтті, майлы тағамдарды алып тастау керек. Тек көкөністен жасалған салаттар, майсыз ет, саңырауқұлақтар, майсыз балық пен протеинді коктейльдер ішіп-жеу керек.

Әр үш сағат сайын тамақтану керек. Күнделікті калорий нормасын 800-ден асырмаңыз. Кешкі 7-ден кейін тамақтануға болмайды. Тек минералды су ішу керек. Күні бойы ара арасында жаңғақ жеп, жүрек жалғап тұруға болады. Олардың құрамында кальций мол болғандықтан, тәбетті басып, арықтатады. Бұл кезеңде сіз артық салмақтан арыла бастайсыз.

Келесі екі аптада тағам мәзіріне сүтті және дәнді тағамдар, жемістер кіреді. Күніне 1000 калорий қолдануға болады. Бұл кезеңде адамның жаңа салмағы тұрақталады.

Мәзір қандай болуы керек?

Таңғы ас: қайнаған жұмыртқа, протеин коктейлі;
Түскі ас: терісі жоқ тауық еті, көкөністен жасалған салат;
Бесіндік: жаңғақтар;
Кешкі ас: көкөніс сорпасы.

Үшінші кезеңде мәзірге біріншісінде тыйым болған тағамдарды кіргізуге болады. Калорийдің тәулік нормасы 1000-нан аспауы керек. Соңғы кезеңді өмір бойына созған жөн. Себебі ол жаңа салмақты қалыпта ұстауға көмектеседі. Мұны Хайди Клумның дене сымбаты растай алады.

Төрт баланың анасы бола тұра Хайдидің салмағы бар болғаны 54 килограмм.

Әр кезеңде физикалық жаттығуларды қатар жасап тұру керектігін ұмытпаңыз. Күнде 1,5 сағат спортпен айналысуыңыз керек.

Бұл диета шаршататындығына қарамастан нәтижелі болып есептеледі. Іске сәт!

Ф. Абилова