Соя сүті тістің ерте бұзылуына әкеледі

Соя сүті тістің ерте бұзылуына әкеледі

Соя сүтін ұнатып ішетіндердің тісі ерте бұзылады. Бұл пікірді Австралиядағы Мельбурн университетінінң ғалымдары айтты.

Ғалымдар кәдімгі сиыр сүтін ішіп жүргендер мен соя сүтін пайдаланып жүрген адамдардың ағзасын салыстырып, зерттеу жүргізіпті. Зерттеу нәтижесі мынадай. Жалпы сүт атаулы адам аузындағы бактериялардың қышқыл бөлуіне себеп болатындығы бұрыннан белгілі. Дәл осы соя сүті сол бактериялардың қышқыл бөлуін үдетіп, көбейтеді екен. Яғни соя сүтін ішкен адамның аузындағы бактериялардың бөлетін қышқылы сиыр сүтінің аталған эффектісінен 6 есе жоғары. Бұл тістің ерте бұзылуына әсер етеді. Тіс бұзылмақ түгілі, түсіп қалуы да мүмкін.

Дегенмен қорытынды шығару әлі ерте. Рочестер университетінің профессоры Уильям Боуэнның айтуынша, күніне ішілетін бір кесе соя сүтінің ағзаға тигізетін кері әсерін елмеуге де болады. Бар қиындық сүтті өте көп мөлшерде, жиі пайдаланғанда ғана болуы мүмкін. Мәселен емшектегі баланы бұл сүтпен тамақтандырғанда аталған қауіп орнауы мүмкін. 

Соя сүті - соя бұршағынан алынатын сусын. Құрамындағы ақуыздың мөлшері сиыр сүтінікімен шамалас болғандықтан, екі сусын бір бірін алмастыра береді. Айта кетерлігі, соя сүтінің құрамында холестерин болмайды.

Әңгімеміздің соңында соя сүтін жасау технологиясымен таныс болыңыздар:

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: kuking.net