Күйген тағамды қайта қалпына келтіруге болады

Күйген тағамды қайта қалпына келтіруге болады

Бойжеткендер тамақты оңайлықпен күйдіре қоймайды. Ал, күйдірген жағдайда бірден жеуге жарамсыз деп таниды. Күйіп кеткен тамағыңызды қайта қалпына келтіруге болады. Бар болғаны, оны жаңа ыдысқа салып, бетіне қағаз майлық жабыңыз. Артынша қағаз майлықтың бетіне тұз салып, қайтадан қайнатыңыз.

- Cүт күйген болса, оны араластырудың қажеті жоқ. Қайнаған соң жаңа ыдысқа құйыңыз. Күйген дәм сезілмес үшін сүтке тұз қосып, суық жерге қойыңыз;

- Қатықтың қышқыл дәмін кетіргіңіз келсе, 1:1 сүт қосып, бір сағатқа қалдырыңыз. Артынша дәкеге салып, суын сорғытыңыз. Нәтижесінде қатығыңыз қышқыл дәмнен арылады;

- Құрғап қалған ірімшікті ашыған сүтке салсаңыз, жұмсарады;

- Сары майды пайдаланбас бұрын табаға өсімдік майының бірнеше тамшысын тамызсаңыз, сары май қараймайды;

- Бәліш қуыратын майдың қарайғанын қаламасаңыз, майға шикі картоптың бірнеше тілімін салып қойыңыз;

- Қатып қалған жұмыртқаны тұз қосылған суық суға салу арқылы жібіте аласыз.

Сурет:livejournal.com

Қ. Бүйенбай