Мәзір: "Жаңа жыл" торты

Мәзір: "Жаңа жыл" торты

Құрамы:

Қант — 1,5 стақан

Жұмыртқа — 3 дана

Маргарин — 150 гр.

Ас содасы — 2,5 ас қасық

Бал — 4 ас қасық

Ұн — 4,5-5 стақан

Креміне:

Қоюлатылған сүт — 1 банка

Сары май — 200 гр.

     

Дайындалуы:

  • Жұмыртқа мен қантты қосып, миксердің көмегімен араластырамыз;

     

  • Маргаринді ерітеміз;

      

  • Еріген маргаринді жұмыртқа мен қант қоспасына қосамыз;

       

  • Үстіне 4 ас қасық балды қосамыз;

       

  • Ыдыстағы қоспаны ыстық су құйылған кең ыдысқа саламыз(паровая баня);

       

  • Қоспаны үздіксіз араластырып тұру керек (30 минут);
  • Енді ас содасын қосып, қоспа көлемі 2 есеге ұлғайғанға дейін араластырамыз;
  • 2 стақан ұнды салып, араластырып, суытып қоямыз;

      

  • Бұл уақытта кремін дайындаймыз: 1 банкі қоюлатылған сүт пен сары майды миксердің көмегімен араластырамыз; 

      

      

  • Қалған ұнды да салып, қамыр илейміз;

      

  • Қамырды 8-9 бөлікке бөлеміз. Әр бөлікті қалып көлемімен бірдей етіп жаямыз;

      

  • Енді қамырларды 5 минуттан пісіреміз;

      

  • Ыстық күйінде әр шелпекке дайындалған кремді жағып отырамыз;

      

  • Крем жағылған шелпектерді қабатымен орналастырамыз;

      

  • Соңынан барып, торттың қалған ұнтақтарын немесе жаңғақтарын сеуіп, сәндейміз;

      

 

Жаңажылдық торт дайын! Жаңа жыл құтты болсын!