Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Аспаздық / Мәзір: Көкөніс бәліші

Мәзір: Көкөніс бәліші

Мәзір: Көкөніс бәліші

Кейде кешкісін ерекше бір тағам жегіміз келіп тұрғанда, тоңазытқыштың ішінде тек ең керек деген азық-түліктер ғана тұрады. Тез әрі оңай жасалынатын, сонымен қатар, әр ас үйден табылатын заттардан әзірленетін мына бәліш сондай кезде таптырмас мәзір. 

Құрамы:

  • жұмыртқа  - 2 дана;
  • тұз - 1 шай қасық;
  • айран - 1 стақан;
  • сұйық май - 1/3 стақан;
  • ұн - 1,5-2 стақан;
  • қамыр қопартқышы - 1 шай қасық;
  • картоп - 3 дана;
  • сәбіз - 2 дана;
  • майонез - 2 ас қасық;

Жұмыртқаны тұзбен араластырыңыз.
Жұмыртқаға айран, сұйық май қосып, жақсылап араластырыңыз.
Үстінен ұн мен қамыр қопартқышын қосып, қамыр илеңіз. Қамырыңыз қолға жабысатын, қою да, сұйық та емес болуы керек.
Картопты майда текшелерге тураңыз.
Сәбізді де дәл солай етіп майдалаңыз.
Көкөністерді майонезбен араластырыңыз.
Көкөністерді қамырға қосып, жақсылап араластырыңыз.
Май жағылған пішінге қамырды біркелкі, жұқа қылып орналастырыңыз. 180-200 градусқа ысытылған пешке салыңыз.
40-50 минуттан кейін бәлішті тексеріп көріңіз. Беті сарғайып жатса, пісті деген сөз.
Көкөніс бәліші дайын. Ас болсын!
Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 27 сәуір 2012, 17:03

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.