Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Аспаздық / Массагеттен мәзір: «Ананас» салаты

Массагеттен мәзір: «Ананас» салаты

Массагеттен мәзір: «Ананас» салаты

Массагеттің тұрақты оқырманы және аспазшысы Ақнұр Бектеміс сіздермен кезекті ас мәзірімен бөлісіп отыр. Осы жолы Ақнұр мерекелік дастарханға қоюға лайықты «Ананас» салатын әзірледі. Бұл салат тойымды, әзірленуі де аса қиын емес.

Құрамы:

  • 3-4 дана картоп;
  • 200 гр шұжық;
  • 150-200 гр ананас (консервіленген);
  • 3-4 дана жұмыртқа;
  • 1/2-1 дана пияз;
  • 1-2 дана алма;
  • Лимон шырыны, майонез, тұз, қара бұрыш, грек жаңғағы, аскөк.

Картопты пісіріп, тазалап, ірі үккіштен өткіземіз. Ананас пішінді сопақша келген тәрелкеге картопты жаямыз. Оның үстіне жұқалап майонез құямыз.

Шұжықты текшелеп не ұзыншалап кесеміз де, картоптың үстіне қоямыз.

Консервідегі ананасты төртбұрыштап турап, шұжықтың үстіне жайғастырамыз. Үстіне аздап майонез қосамыз.

Одан кейінгі кезек ұсақтап туралған піскен жұмыртқада. 

Жұмыртқаның үстіне жуаны майдалап турап, тұздап, бұрыштаймыз және майонез құямыз.

Алманы ірі үккіштен өткізіп, лимон шырынын қосамыз. Салатты алмамен көмкерген соң, майонез қосып, оның үстіне жаңғақтарды қойып шығамыз. 

Дайын болған салатты 1 сағат көлемінде тоңазытқышқа қоямыз. Дастарханға ұсынар кезде аскөкпен не жуа сабағымен сәндейміз. 

Ескертпе: Әр қабатты жасағанда құрамдас бөліктерді шанышқының ұшымен ғана жаю керек, нығыздап басуға болмайды және ананас пішінін әр қабат сайын сақтап, түзетіп отырған жөн.

Ас үйде болған: Ақнұр Бектеміс

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 21 қаңтар 2014, 15:07

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.