Тамақ ішумен өткен 5 жыл

Тамақ ішумен өткен 5 жыл

Ас - адамның арқауы. Күнделікті бірнеше уақыт тамақтанғанда сіз өмір бойы ас ішуге 5 жыл құртатыңыз жайлы ойланасыз ба? Тағамдар туралы басқа да қызықты фактілерді оқи отырыңыздар.

Дәмін татып көрген адамдардың айтуынша, қоңыздардың дәмі самырсын жаңғағына, ал құрттар қуырылған етке ұқсайды екен. 

Бір жылы әлем бойынша өндірілетін кока-коланың мөлшері 3,5 миллион ваннаны толтыра алар еді. 

Қызанақ, қияр, асқабақ пен қарбыздың барлығы да жемістер қатарынан.

Экзотикалық банандар жидекке жатады.

Техникалық тілмен айтқанда кофе – қарапайым жеміс шырыны.

Әлемде таңғы асқа ең көп желінетін тағам – жұмыртқа

Алманың кішкентай сүйектерінде цианогенды гликозидтар атты заттар болады. Солардың әсерінен сүйектердің 50-60 грамы адамды өлтіре алады. 

Пияздың дәмі қандай? Пияздың дәмі жоқ, ал сіз сезетін дәмі оның иісіне байланысты екен.

Әубаста пайда болған сәбіздің түсі күлгін болған екен, ал қазір қолданыстағы сәбіз Голландияда 14 ғасырда сұрыптап алынған. Сары-қызғылт түсті алу үшін ғалымдар 200 жылдай зерттеулер жасаған екен.

Кока-кола ең жақсы унитаз және раковина тазартқышы екендігін естіген боларсыз, ал өндіріс орындары мен зауыттар коламен өз жабдықтарын тазалайды екен.

Сүт желім, бояу, тіпті пластик өндірісінде қолданылады.

Әлемдегі ең алғаш сорпа біздің дәуірімізге дейін 6000 жылы сусиырдың етінен пісірілген.

Әлем халқының 80 пайызы тағамға жәндіктерді жейді. 

4 сағатта ішілген 100 шыны кофе сізді бірден өлтіреді.

Сіздің дастарханыңызға қойылғанға дейін кез келген тағам орта есеппен алғанда 2400 шақырым жерді жүріп өтеді екен. 

Әлемде ең үлкен сұранысқа ие жеміс – манго, алайда жүзім, банан, алма ең көп өсірілетін түрлері.

Әлем бойынша желінетін тағамның 70 пайызы 12 түрлі өсімдік пен 5 түрлі мал етінің өнімдері ғана екен. 

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: hacklive.ru

С. А