Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Аспаздық / Асқабақ дәнегінің пайдасы

Асқабақ дәнегінің пайдасы

Асқабақ дәнегінің пайдасы

Таяуда барлық жемістер мен көкөністер пісіп, бақшалардан жинала бастайды. Әсіресе, осы көкөністердің ішіндегі асқабақтың пісуін көпшілігіміз асыға күтеміз. Біріміз асқабақтың өзін ұнатсақ, енді біріміз одан жасалған тағамдар мен дәмді бәліштерді сүйеміз, келесіміз оның ерекше дәмі бар дәнектерін қалаймыз. Дәнектер демекші, сіз олардың пайдасы шаш-етектен екенін білесіз бе? Білмеген болсаңыз, бүгінгі жазба сіз үшін!

Жүрек пен қан тамырына пайдасы

Асқабақ дәнектерінің құрамында жүрек жұмысын қалыпқа келтіре алатын магнийдің жеткілікті мөлшері бар. Магний жүрек бұлшық еттерінің жұмысын жақсартып, ырғақтың бұзылуына тосқауыл қояды. Ғылымда дәлелденгендей, холестериннің жоғары деңгейі жүрек, қан тамырлары ауруларын тудырады. Ал дәнектердің құрамындағы фитостеролдар қандағы холестерин деңгейін төмендетеді. Қан қысымын тұрақтандыратындықтан, гипретониктарға жиі шағып тұруға кеңес беріледі.

Ми жұмысын жақсартады

Асқабақ дәнектерінің құрамындағы триптофан аминқышқылдары ағзамыздағы серотиннің өнуіне жол ашады, бұл ұйқының толықтай жақсаруына септігін тигізе алады. Дәнек бойындағы цинк бас мидың жұмысын қалыпқа келтіріп, есте сақтау қабілетін жақсартып, ағзадағы шаршауды басады.

Ішек үшін пайдалы

Дәнектердегі жасұнық ішек жұмысын белсенді етіп, босата алады. Іш қату қиындықтарына тап болатын оқырмандарымызға күнделікті тағамға асқабақ дәнектерін қосуға кеңес берген болар едік.

Ішек құртымен күресе алады

Асқабақ дәндері – халық медицинасында ішек құртқа қарсы қолданылатын ең әсерлі құрал. Паразиттермен алысып жүретін адамдар дәнектерден кейін көп уақыт өтпей жатып, бар қиындықтан арылып жатады.

Вестибулярлық аппарат үшін

Теңіз ауруына шалдыққан науқастарға асқабақ дәндері ауадай қажет. Олар қатты ауытқу кезінде пайда болатын жүрек айнуын басады.

Жүкті әйелдерге

Жүктіліктің ең алғашқы айларында маза бермейтін жүрек айнулармен жақсы күресе алады. Көптеген болашақ аналар асқабақ дәнектерінің арқасында жеріктіктің ең қиын кезеңдерін жеңе алады.

Ерлерге пайдасы

Асқабақ дәнектерінде жеткілікті мөлшерде омега-3 майлы қышқылдары мен цинк бар, олар еркектердің ағзасындағы темір деңгейінің төмен түсіп кетуінің алдын алады.

Ескерту!

Асқазан-ішек жолдары қатты бұзылған, ішек жолдары зақымданған, асқазан шырынының қышқылдығы жоғары адамдарға асқабақ дәнектерімен әуестенбеуге кеңес беріледі.

 

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: 4e4evica.ru,ivona.bigmir.net

22824 5
Рейтинг: +0

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 11 қыркүйек 2013, 13:53
Пікірлер
+0
11 қыркүйек 2013, 14:00

Осы асқабақ дәнегін шаға алмайды екем. Дегенмен пайдасы мол-ақ екен :roll:

+0
11 қыркүйек 2013, 14:08

Кішкентай кезімде мамам жегізетін

+0
11 қыркүйек 2013, 14:52

Кішкентай кезімізден асқабақтан манты жасап, дәнегін кептіріп шағып жейтінбіз.

+0
11 қыркүйек 2013, 15:01

Түк жей алмаймын, пайдасын көріп ойланып қалдым

+0
25 қазан 2013, 16:09

Қызық. Жеуге болатынын білмеппін, жеп көрмесем :idea:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев