Мәзір: “Күн мен түн” бәліші

Мәзір: “Күн мен түн” бәліші

Бәліштің "күн мен түн" деп аталу себебі, қамыр түсінің аралас болуынан. Құрамындағы азықтарды көрсетілген мөлшерде салсаңыз, қамыр биік болады. Жасалу уақыты да ұзаққа созылмайды. Сәттілік! 

Құрамына:

Жұмыртқа — 3 дана

Ұн — 250 гр.

Сүт — 1 стақан

Маргарин (немесе сары май) — 200 гр.

Какао — 2 ас қасық

Ванилин қанты — 2 шәй қасық 

Қопсытқыш  — 1 шай қасық

Крахмал — 3 ас қасық

         

Дайындалуы:

  • Маргаринді жәй отта ерітеміз;
  • Бөлек ыдысқа қант пен ванилинді араластыра саламыз;
  • Енді бұл ыдысқа еріген маргаринді құямыз;
  • Жұмыртқаны да саламыз;

         

  • Қоспаны әбден араластырамыз;
  • Ұн, қопсытқыш және крахмалды араластырып, қоспаға саламыз;
  • Үстіне сүт құямыз;
  • Қоспаны тең бөліп, жартысын басқа ыдысқа құямыз;
  • Ыдыстың тек біреуіндегі қоспаға ғана какао себеміз;
  • Енді қалыпқа алдымен какао қосылған қамырды, үстіне ақ қамырды құямыз;
  • Шанышқымен қалыпқа салынған екі түсті қамырды бір рет айналдырып шығамыз;
  • Енді 180С температурада қызған пешке 30 минутқа саламыз;
  • Піскеннен кейін қалыпты төңкеріп қойып, бәлішті түсіреміз.

        

       

       

       

       

      

    

    

    

    

    

Астарыңыз дәмді болсын!