Тамақты әдемілеп қоюдың жолдары

Тамақты әдемілеп қоюдың жолдары

Тамақты тәтті етіп жасау бір бөлек, оны үстелге әдемі қылып қою бір бөлек. Тамақ салынатын ыдыстардың түсі, түрі тәбетке айрықша әсер етеді. Ал тап-тұйнақтай етіп жайылған дастарханнан тамақ ішу өмірдің кішкентай қуаныштарының бірі десем, артық айтқаным емес. Дастархан жаюдың да өзіндік ережелері болса, сол қағидаларды әсіресе, ас үй ханшайымдары біліп жүруі керек. Мереке не атаулы күнге дастархан жайсаңыз, сусынды бокалдардың түрлеріне қарай құйыңыз. Сондай-ақ майлықты дұрыс пайдалану адамның ішкі мәдениетінен хабар береді. Сол себепті, майлықты түрлеріне қарай орынды қолдана білу қажет-ақ. Майлықты қалай әдемілеп қоярыңызды білмесеңіз, біз сізге көмекке келеміз

Майлықты ғана емес, үстелге қойылған тамақты әсем етіп қоюға болады. 

Төмендегі суреттегідей жеміс-жидектің түрлі келбетін көп жерден көріп, сырттай тамсанған шығарсыз? 

Немесе мынадай етіп кесу үшін асқан шеберлік керек деп ойладыңыз ғой?

Ол рас! Бұл екінің бірінің қолынан келе бермейді. Өйткені бұл – үлкен өнер. Бірақ қам жемеңіз. Сіз бен біздің қолымыздан келетін тамақты әсемдеудің түрлі тәсілдері бар. 

Майлықты әдемі қылып қойған сияқты, тамақты да әсемдеп қойып, тәбетті ашуға болады. Мәселен, жеміс-жидектерді құр турағаннан гөрі, мына суреттегідей етіп, пальма ағашы тәрізді жайсаңыз, көрер көз сүйсінері анық.

Мынадай гүлдерден де ешкім де бас тарта қоймас. Бұған біраз уақыт кетірем-ау де қапа болмаңыз, алмаларды гүл тәрізді етіп кесе алсаңыз болғаны. 

Мынадай тәтті қайық үшін тіс шұқығыш қолдануыңызға болады.

Әзірге, жемістен тізілген кәуап жей тұрамыз. 

Қиярды қызанақпен араластырып, гүл тәріздес етіп қойып жүрген шығарсыз? Мынадай жылан-қиярға қалай қарайсыз?

Мына жұмыртқа сізге ұнайтынына күмәнім жоқ. Әсіресе, таңғы асқа жұмыртқа пісіргенде, осылай қойсаңыз, көңіл-күйді көтеруде таптырмас көмекші болмақ. 

Алдымен жұмыртқаны суреттегідей етіп қойып, кейін жоғарыдағы суреттегідей кенеттен алдына қарата қойсаңыз, отбасыңыздағы адамдар үшін күтпеген сыйлық болары даусыз. 

Апельсинді осылай аршу сіздің де қолыңыздан келеді. Байқап көріңіз.

Біз қай кезде де сұлулықты, көркемдікті ұмытпауымыз керек. Сұлулық – тас жүректі жібітетін құдірет. Үстелді жай ғана жабдықтай салмай, қиялыңызды ойнатыңыз.

Дастарханыңызда дәмі тіл үйірер ас-ауқат ерекше әсемдікке бөленіп тұрсын! 

Автор: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: journalsovkusom.ru, karaponder.ru, .liveinternet.ru, muachung.vn 

М. Оңғарова