Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Сымбат / Косметикалық құралдардың қолданысы

Косметикалық құралдардың қолданысы

Косметикалық құралдардың қолданысы

Крем, сусабын сынды косметикалық құралдардың тура қолданысы баршамызға белгілі. Алайда оларды басқаша да қолдануға әбден болатындығын білесіздер ме?

Сусабын

Сусабындардың жақсы көбіктенуі оны ваннаға арналған көбік ретінде қолдануға мүмкіндік береді. Сондай-ақ арнайы кір ұнтағы болмаған кездері сусабынмен нәзік матадан тігілген киімдерді жууға болады (бірақ артынан ұзақ шаю керек).

Шашқа арналған бальзам

Қырынуға арналған гельдің орнына қолдануға болады.

Бетке және денеге арналған крем

Кез келген былғары бұйымдарды: сөмке, әмиян, тіпті аяқ киімдерді жақсы тазалап, жылтыратады. Арнайы май болмағанда шаштың ұштарына жағуға болады.

Бояу кетіретін лосьон

Киімге жағылып қалған реңк беруші крем не далаптан қалған дақтарды оңайлықпен кетіреді. Сондай-ақ шаш бояған кезде бетке жағылып қалған бояуды кетіре аласыз.

Қырынғаннан кейін жағатын гель

Мұндай гельді ұшық пен безеулерге жағуға болады: ол ұшықты құрғатып, залалсыздандырады.

Әтір

Әтірді киім сөресіне жартылай ашып қойсаңыз, киімдеріңізден жағымды иіс шығып тұрады.

Гигиеналық бальзам-далап

Мұндай түссіз далапты қасыңызға жағып, пішінін келтіруге болады. Сонымен қатар тырнақтың маңындағы қатқан теріні гигиеналық бальзаммен жібіте аласыз.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: vk.com

4543 5
Рейтинг: +1

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 02 сәуір 2013, 17:30
Пікірлер
+0
02 сәуір 2013, 17:40

Рахмет, күшті екен!)

+0
02 сәуір 2013, 18:35

Жақсы болды ғой

+0
02 сәуір 2013, 21:47

калай сонда 0ырын5аннан кейин жагатын гельмен безеуди кетируге боладыы кызык екен

+0
02 сәуір 2013, 21:59

Керек мәліметтер,жақсы болды ғой,гигиеналық далаппен тырнақтың маңындағы қалың терді жібітеміз :mrgreen: :mrgreen: ,рахмет,Санияш :D

+0
03 сәуір 2013, 15:55

оо керек ақпар

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...