Ғарыш кремі

Ғарыш кремі

Британдық Harrods дүкендерінде жаңа крем пайда болды. 111 SKIN Celestial Black Diamond Cream аталатын крем жарнамасына қарағанда нағыз ғажайып косметикалық құрал. Заманауи кремнің бір шөлмегі 599 фунт стерлинг тұрады.

Крем шығарушы компанияның айтуынша, бұл крем - заманауи технология, ғылым мен ғарыштың жетістігі. Кремнің құрамында ғарыштан алынған гауһар тастың шаңы бар деп көрсетіліп тұр. Бұл тек маркетингтік айла болар, себебі гауһар тас шаңы Жерде жасалған. Алайда кремді ғарышта тәжірибеден өткізген екен. Әу баста мұндай крем ғарышкерлерге арналып шығарылған-мыс. Гауһар тас шаңы теріге сіңіп, оны қайта қалпына келтіріп, осылайша түрлі жарақаттардан аман алып қала алады. Сондықтан мұндай кремнің әжімдерді де жаза алуы әбден мүмкін.

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер: 111skin.com

С. А