Косметиканы қалай таңдаймын?

Косметиканы қалай таңдаймын?

Жиі жағдайда косметика таңдау қиын мәселеге айналады. Дүкендегі жабық косметиканы жағып көру мүмкіндігі болмайды. Ал жабық ыдыстардағы косметиканың түсі басқаша көрінеді. Косметиканы қалай таңдау керек?

Реңк беруші крем

Тестерді қолға жағып көрудің еш пайдасы жоқ. Қолдағы терінің түсі бет терісінікінен айырықша. Екіншіден ол қаттырақ және қалыңырақ болады, сондықтан қол терісіне дәл келген реңк беруші крем бетке жақсы жағылады деп айта алмаймыз. Одан да реңк беруші кремді мойыныңызға жағып, дұрысын таңдаңыз.

Консилер

Консилерді бетке жағып көрмесеңіз, оның сізге дәл келетінін білмейсіз. Алайда оны бетке жақпаймын десеңіз, қасиеттерін біліп-ақ түсті таңдауға болады. Тіпті бірден екі түсті алсаңыз болады: шабдалы түстесі (алқызылға жақын) күңгірт дақтарды, ал сарылау түсі терінің қызаруы мен ұшықтарды жасырады. Консилерді алақанның ішкі жағына жағып таңдасаңыз болады. Бұл жердегі тері тегіс және ашық түсті.

Опа

Барынша түссіз, өзіңіздің тері түсіңізге келетін опаны таңдаңыз. Онымен макияжды аяқтап, майлы жылтырдан арыла аласыз. Түсін таңдау үшін оның тестерлерін қолға жағып көріңіз. Ол теріге тегіс жатуы керек. Жылтырсыз опа күнде қолдануға жарайды.

Еңлік

Еңлікті реңк беруші кремнің үстінен жағамыз. Сондықтан оны қолға жаққанда, түсі басқаша болуы мүмкін. Сондықтан бірінші қолыңызға не бетіңізге реңк беруші крем жаққан дұрыс. Опа еңлікті жаққышпен, ал крем еңлікті саусақпен жағыңыз.

Қабақ бояуы

Ұнаған қабақ бояуының түсін қолыңыздың түрлі жерлеріне жағып көріңіз. Жаққышпен де, саусақпен де жағып көріңіз. Осылайша оның түрлі жағдайларда қалай көрінетініне баға бере аласыз.

Далап

Ерін терісі өте жұқа болады. Сондықтан далапты қолдың қалың терісіне тексерген дұрыс емес. Одан да далапты саусаққа жағып таңдаңыз. Осылайша далаптың құрамы мен түсін бағалай аласыз.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: lioele.en.ec21.com

С. А