Шашты ұштанудан сақтайық

Шашты ұштанудан сақтайық

Біздің қарапайым кеңестеріміз шаштарыңызды ұштанудан сақтап, олардың жылтырай түсуіне көмектеседі.

  • Ұштану - құрғақ шаштың белгісі. Сондықтан оларды уақытында ылғалдандырып тұру жайлы ұмытпаңыз. Арнайы маска, бальзам, кондиционерлерді ылғи қолданатын болыңыз.
  • Қатты көбіктенетін сусабындарды қолданбаңыз. Олардың құрамындағы синтетикалық заттар шашты құрғатады.
  • Сулы шашты орамалмен ысқыламаңыз. Бұл оларды ұштанатын, жұқа қылады. Оданша дымқыл шашты орамалға орап қойыңыз. 
  • Шашты сыртынан да, ішінен де ылғалдандыру керек. Сондықтан қажетті көлемде су ішіп жүріңіз.
  • Шашқа арналған маска не кондиционерді бас терісіне емес, шаш ұштары мен ортаңғы бөлігіне жағыңыз.
  • Шашты тек салқын ауа ағынымен кептіріңіз. Ыстық ауа шаштың құрамын құртып, оларды сынғыш қылады.
  • Шаш бұрағыш, түзулеткіштерді жиі қолдану оның саулығына әсер етеді. Қолдануды барынша шектеп, шашты екі айына бір рет қысқартып тұрыңыз.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: goodfon.ru

С. А