Тері проблемасына әкелетін сіз күтпеген нәрселер

Тері проблемасына әкелетін сіз күтпеген нәрселер
Фото: pixabay.com

Әрбір әйел терісінің сұлі әрі сау болғанын қалайды. Алайда кейде терінің қызаруы, безеу шығу секілді тері проблемалары мазалайды. Теріге зақым келтіруі мүмкін сіз ойламаған нәрселерді ұсынамыз.

Лас жастыққап

Тері проблемаларына әкелетін жиі кездесетін және көпшілік байқамайтын себептердің бірі - төсек жабдығын сирек ауыстыру. Әсіресе, тері майы, дұрыс жуылмаған косметика қалдығы жиналған жастыққаптар қауіпті. Жастыққаптарды аптасына 2-3 рет ауыстыру керек және оларды 40 градус температурада гипоаллергенді құралмен жуу қажет.

Ұйықтарда көзге киетін маска

Ұйқысыздықпен қиналатын кей адамдар ұйықтайтын кезде көзіне маска киіп жатады. Мұндай маскаларға да жастыққаптарға секілді көп микроб жиналады. Сондықтан ондай масканың сізде бірнешеуі болуы және оларды жуып тұруыңыз керек.

«Анаңыздың кремін» қолдану

Кей адамдар қонаққа қонуға барарда өзімен бірге косметика салатын сөмкені алмай, ұйықтар алдында қолына түскен кремді жаға салады. Сол секілді анасының немесе үлкен әпкесінің кремдерін жағатын қыздар бар. Олардың құрамындағы белсенді заттардың жоғары шоғыры тері тітіркенуіне әкелуі мүмкін.

Шашқа шашатын құралдың бетке тиюі

Шашқа арналған құралды шашқанда барынша бетке тиіп кетпеуін қадағалаңыз. Мұндай құралдың құрамында терідегі ұсақ тесіктерді бітейтін және жылу, ылғал ауысуын бұзатын заттар бар.

Смартфонның лас экраны

Ұялы телефонның бетіне көп микроб жиналады. Себебі оны кез келген жерге қоясыз, тіпті, дәретханаға өзімен біре алып кіретіндер бар. Сондай-ақ ұялы телефонмен сөйлескен сайын макияж қалдықтары оның бетіне жинала береді. Сол бактериялар жиналған экранды теріге тақаған сайын олар терідегі ұсақ тесіктерді бітеп, безеу шығуын ынталандырады. Сондықтан сматрфонды антибактериялық майлықпен жиі сүртіп тұру керек.

А. Жапатова