Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Сымбат / Қымыздан биосабын жасалды

Қымыздан биосабын жасалды

Қымыздан биосабын жасалды

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің студенттері қымыздан сабын даярлау жолын ойлап тапты.

Алматылық студенттердің айтуынша, олардың сабындары заманауи сабындардан артық болмаса, еш кем емес. Сабын қайнатпас бұрын студенттер түрлі сабын жасау жолдарымен танысып, 25 түрлі тәсілді қолданысқа алды. Сабын қайнату барысында құрамдас бөліктер бір-бірімен үйлесіп, нәтижесінде жақсы әсер береді. Сабын тек табиғи заттардан жасалынған, оның құрамына сүт, қымыз, тан, айран, кофе, түрлі өсімдік майлары кіреді. 

Қазір ерекше танымалдыққа ие болып жатқан сабын "Қысқы" деп аталады. Бұл антисептикалық сабынның құрамына түрлі емдік қасиеттері бар шөптердің қайнатпалары, зімбір және басқа да пайдалы компоненттер кіреді. Сондай-ақ құрамына кофе кіретін скраб сияқты сабын да бар. 

"Қазірде көптеген косметикалық заттар аллергия қоздырады. Бұның себебі - ішіне кіретін түрлі химиялық қосылыстар. Біз қол, дене, бет терісіне пайдалылы табиғи компоненттер іздедік", - дейді университеттің маманы, биологиялық ғылымдардың кандидаты Людмила Игнатова.

Оның айтуынша, бұл сабынға деген сұраныс өте үлкен. Сатып алушылар сабынға кіретін компоненттерді, оның пішінін, түсін, иісін, түрін таңдай алады. Тіпті сабынның бетіне жазу жазып, сурет қыстыруға да болады екен. Болашақта косметикалық құралдар топтамасын шығару жоспарлануда. Оларға түрлі лосьондар, кремдер, жуынатын сұйықтықтар кірмек. Олар сүт және басқа да табиғи заттардан жасалынатын болады.

Авторлардың айтуынша, сабын бизнесі әлі онша жақсы табыс әкелмеді. Қазірде студенттер спонсорлар іздеуде. Қолдан жасалынған табиғи сабындардың бағасы 300-700 теңге.

Сабынды қайнату жолымен мына жерде таныссаңыз болады.

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер: tengrinews.kz

7452 9
Рейтинг: +2

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 30 қаңтар 2013, 17:30
Тегтер: сымбат, сабын,
Пікірлер
+0
30 қаңтар 2013, 17:42

жарайсыңдар!

+0
30 қаңтар 2013, 17:52

Мәдестер!!!

+0
30 қаңтар 2013, 17:53

мықты, мықты

+0
30 қаңтар 2013, 17:59

күшті ғой

+0
30 қаңтар 2013, 21:16

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті дегенде бірден ойыма Жайдарман келді:) Жалпы осы университеттің мықтылығын естіп жатырмыз! Керемет!

+0
31 қаңтар 2013, 12:19

Иә, ҚазҰУ мықты! :P

+0
30 қаңтар 2013, 22:56

Менің универім ғооой:-) Жарайсыңдар!

+0
01 ақпан 2013, 11:32

Алып көретін екен. Алар едім

+0
07 ақпан 2013, 09:19

Жағымды жаңалық екен!Ия,міндетті түрде қолданып көру керек екен.Алда 8-наурыз ғой дегенмен))))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...