Брижит Макрон сымбатының құпиясы неде?

Брижит Макрон сымбатының құпиясы неде?

Карл Лагерфельд Макрон туралы «Париждегі ең әдемі аяқтар иесі» деген. Бірақ Брижит жасы 60-тан асқанын білгендердің көпшілігі оның құпиясын ашқысы келеді. 

«Брижит Макронның шоколад жасаушылардың ұрпағы екенін ескерсек, Франция президентінің әйелі қалай сымбатын сақтап қалды? Өте таңқаларлық жағдай», - деп жазды жақында Telegraph шолушысы.

Оның құпиясы мынада: мадам Макрон велоспорттың үлкен жанкүйері екен. Кейбір инсайдерлер велоспорт Францияның бірінші ханымының сүйікті спорт жаттығуларының негізгі құрамдас бөліктерінің бірі екенін алға тартады. Мұндай кешенге балет сабақтары мен күнделікті серуендер кіреді. Брижит бүгінде Елисей сарайының бойтұмарына айналған қара лабрадор Немомен серуендеуге өте сирек мүмкіндік береді.

Мадам Макрон да диетасын ұстанады: ол күніне кемінде 10 жеміс немесе көкөніс жеуге тырысады және фастфудты мүлдем тұтынбайды. Десе де кей журналистер "Мадам президент" атап кеткен ханым мейрамханаларда қымбат қызыл шараптан бас тартпайды.

Еске салайық, Францияның бірінші ханымы белгілі бір киім үлгілерін таңдайды және Макрон президенттігінің бірінші жылыннан-ақ сән әлеміне айтарлықтай әсер етті. Мысалы, оның жасындағы әйелдердің қысқа белдемше киюін нормаға айналдырды.

А. Оралқызы