Үйде жасауға болатын бетке арналған 3 маска

Үйде жасауға болатын бетке арналған 3 маска
Фото: unsplash.com

Кешке бетімізге маска жасасақ, ол күні бойы шаршағанымызды басады. Сондай-ақ маскалар түріне қарай терідегі ұсақ тесіктердің жұмысын реттейді, ылғалдандырады, қоректендіреді, дақтармен және басқа да тері кемшіліктерімен күреседі. Бетке арналған маскаларды тоңазытқышыңызда жатқан күнделікті өнімдерден оңай дайындауға болады.

1. Реңкті тегістеуге арналған маска

Сүт сеілді йогурт та сүтті қышқылға бай. Ол бет терісін тартып, жарқыратады. Бал теріні ылғалдандырады, ал куркума дақтармен жақсы күреседі.

Қажетті ингредиенттер:

- 1 ас қасық табиғи йогурт;
- 1 ас қасық бал;
- 1 ас қасық куркума ұнтағы.

Барлық ингредиентті араластырып, бет терісінде 10 минут ұстаңыз.

2. Кеңейген ұсақ тесіктерге қарсы маска

Теріні тартып, тегістегіңіз келсе, жұмыртқаның ағы мен лимон суы — маска жасауға арналған керемет құрауыштар: олардан кейін кеңейген ұсақ тесіктер біраз азаяды. Сондай-ақ бұл маска бет терісін жақсы ылғалдандырады.

Қажетті ингредиенттер:

- 1 жұмыртқаның ағы;
- 1 ас қасық бал;
- 1 ас қасық лимон суы.

Барлық ингредиентті араластырып, оны бет терісінде 15 минут ұстау керек.

3. Бет терісінің майлануын кетіретін маска

Бұл маска салқындататын әсерге ие және ол теріге тазалық пен балғындық сезімін сыйлайды. Қиярдың құрамында су көп болғандықтан, ол теріні жақсы ылғалдандырады. Ал оның құрамындағы С дәрумені бөртпе шығу қарқындылығын азайтады. Авокадо терідегі май бөлінуді реттейді, оның құрамындағы олеин қышқылы қабыну процестерін тоқтатады және ұсақ әжімдермен күреседі.

Қажетті ингредиенттер:

- 1/2 авокадо;
- 1/4 қияр;

Авокадо мен үккіштен өткізілген қиярды араластырып, оны бет терісінде 15 минут ұстаңыз.

Ескерту:
- Маска дайындауға жарамдылық мерзімі өтпеген өнімдерді қолданыңыз. Тұрып қалған өнімдерді қолданбаңыз. Әйтпесе, тағы бір тері проблемасына тап боласыз;
- Дайындаған масканы бірден бетке толық жақпай, алдымен терінің кішкене бөлігіне жағып, сәл күтіп, аллергиялық реакцияға тексеріңіз;
- Масканы дайындаған күні ғана қолданыңыз. Оларды тоңазытқышта сақтау ұсынылмайды. Сондықтан масканы бетіңізге бір жағуға жететін етіп қана дайындаңыз.

А. Жапатова