Кез келген диетаның тиімділігін арттыратын 3 ереже

Кез келген диетаның тиімділігін арттыратын 3 ереже
Фото: unsplash.com

Көпшілік диетаның сәтті өтуі берік ерік-жігер мен мықты мотивацияға байланысты деп санайды, алайда сіздің метаморфозаңызға (жас, метаболизм жылдамдығы, генетика және т.б) көптеген факторлар әсер етеді. Тиімді арықтау әдісі — әркім үшін әрқалай: біреуге тәттіден бас тарту жеткілікті болса, біреуге рационына ақуыз қосу көмектеседі. Стэнфорд университеті медицина мектебінің ғалымдары қызықты зерттеу жүргізген. Сол зерттеу барысында олар кез келген диетаның сәтті өтуін барынша жақсартуға көмектесетін 3 әмбебап ережені қалыптастырған.

Зерттеу жайлы

Тәжірибеге 18-50 жас аралығындағы 609 адам қатысқан. Әйелдер мен еркектер саны шамамен бірдей болды. Зерттеушілер биологиялық факторлар мен түрлі диеталардың өзара байланысын бақылап көргісі келген. Қатысушылардың жартысы бір жылдан аса уақыт кетогенді диетаны ұстаған. Ол — май мөлшері көп және ақуыз мөлшері орташа төмен көмірсулы тамақтану жүйесі. Ал қатысушылардың қалған жартысы майлары мен көмірсулары аз, ақуызды өнімдері көп тамақтану жүйесін ұстанған. Тәжірибе динамикасын ғалымдар тобы бақылады. Нәтижелерге қарап, зерттеушілер кез келген адамның диетасын тиімдірек ететін 3 ережені тұжырымдаған.

Құнарлы өнімдер таңдау
Диетаға үйлесімді тамақ қосу арқылы оны «алдауға» болады. Табиғи және сапалы өнімдерге мән беріңіз: балық, көкөністер, тәтті емес жемістер, өсімдік майы. Мысалы, кето-диета кезінде ірімшікке қарағанда авокадо жеген пайдалырақ.

Ақ ұннан дайындалған өнімдерден аулақ болу
Ақ ұннан дайындалған өнімдер арықтауға кедергі келтіреді. Тұтас дәнді нан алып, құймақтарды бадам ұнынан пісірген жөн.

Диета негізі — көкөністер
Көкөністердің калориясы аз, ал дәрумендері мен минералдары көп. Бұл сізге ұзаққа дейін тоқ жүруге көмектеседі.

А. Жапатова