Теріге безеу шығартатын азық-түлік

Теріге безеу шығартатын азық-түлік
Фото: create.vista.com

Дұрыс емес күн тәртібімен, ұйқының жетіспеуімен және жиі күйзелістік жағдайлармен қатар жүретін қала өмірінің шарттарында тері проблемасының пайда болу себебін нақты анықтау оңай емес. «Күдіктілердің» ішінде нашар экология мен үйлесімсіз тамақтану бар. Егер теріңізге жиі әрі көп бөртпе немесе безеу шыға берсе, оған кей нақты азық-түлік себепші болуы мүмкін.

Тазартылған дән және қант
Көптеген зерттеулер рационында тазартылған көмірсулары көп адамдарға бөртпелер, қызарулар және безеулер жиі шығатынын көрсетеді. Тазартылған көмірсулар қандағы қант деңгейін жылдам көтереді және инсулин шығуын шақырады. Соңғысы, өз кезегінде, андрогендерді — тері жасушаларын көбірек май бөлуге итермелейтін гормондарды іске қосады. Нәтижесінде, терідегі ұсақ тесіктердің ластану қаупі жоғарылайды да, бөртпе қаптап кетуі мүмкін.

Мына азық-түлікті өте көп жеуге болмайды:
- Нан, ботқа, ақ ұн қосылған десерттер;
- Ақ ұннан дайындалған макарондар;
- Ақ күріш пен күріш кеспе;
- Газдалған және тәттілендірілген сусындар;
- Тәттілендіргіштер (үйеңкі шәрбаты, бал, құрақ қанты).

Сүтті өнімдер
Мамандардың айтуынша, сүтті өнімдерді жақсы көретіндер көкөніс немесе етті таңдайтындарға қарағанда тері проблемасына 4 есе жиі тап болады. Сүтті өнімдердің мұндай негатив әсері әлі де талқылануда, алайда ғалымдардың осыған қатысты бірнеше болжамы бар. Сүтті өнімдер инсулин деңгейін арттырады, сондықтан да тері жағдайына негатив әсер етеді. Сиыр сүтінде  бауырды көбірек ақуыз бөлуге мәжбүр ететін аминқышқылдар бар, ал ол қабыну процестерінің дамуында маңызды рөл атқарады.

Фастфуд
Жылдам тамақтану өнімдерін — гамбургерлер, фри, пицца және басқалары заманауи қала тағамдарының пайдалы атрибуты деп айта алмаймыз. Олар калорияға, майларға және тазартылған көмірсуларға бай. Мұндай тамақтану гормонды жүйе жұмысын бұзатындықтан тері сұлулығына жағымсыз әсер етуі мүмкін. Алайда фастфудтың тері үшін қаупі және безеудің дамуына ықпал ететіні жайлы нақты дәлелдер жоқ.

Сарысу протеині
Сарысу протеині — тағамдық қосымша. Ол лейцин және глутамин аминқышқылдарына бай. Олар жасушаларды жылдам бөлінуге мәжбүрлейді, сондықтан да ол бөртпе мен безеудің даму қаупін арттырады. Көптеген атлеттер бұлшықет массасын арттыру үшін сарысу протеинін тағамдық қосымша ретінде пайдаланып, тері проблемаларына тап болады екен. Зерттеулер бөртпенің асқынуы мен сарысу протеинін ішкен күндер арасында тікелей байланысты анықтаған. Сондықтан сарысу протеинін ішер алдында оны қанша мөлшерде ішуге болатынын дәрігермен кеңескен жөн.

Шоколад
Шоколад ағзаның терідегі қабыну процестерін шақыратын бактерияларға реакциясын арттыратынын дәлелдеген тәжірибелер бар. Алайда шоколадты тері сұлулығының басты «жауы» ететін ғылыми дәлелдер көп емес.

А. Жапатова