Арықтауға кедергі келтіретін көкөністер

Арықтауға кедергі келтіретін көкөністер

Көкөністер мен ақуыз — артық бірнеше килограмнан құтылғысы келетіндер үшін тамақтанудың әмбебап формуласы. Бірақ кейде шектеулі рационның өзінде салмақ кетпейтін, тіпті, керісінше, қосып алатын кездер болады.

Оған құрамында крахмал мөлшері, яғни жасырын көмірсулары көп кей көкөністер себепші болуы мүмкін. Асқорыту ферменттерінің әсерінен крахмал қантқа ыдырап кетеді. Крахмалды көкөністер инсулин шығарылуына ықпал етеді және аштық сезімін шақырады. Нәтижесінде, қант өзгерісінің орнын толтыру үшін көбірек тамақ жейсіз, ал арықтау процесі баяулайды.

Гарвард денсаулық сақтау мектебі 20 жыл бойы 13 000 қатысушымен зерттеу жүргізген. Бұл зерттеуден ғалымдар кей көкөніс түрлері мен салмақ қосу арасынан байланыс анықтаған. Крахмалды көкөністерді көбірек жеген адамдар салмақ қосқан. Ендеше, диета ұстағанда мына көкөністерді жемеген дұрыс:

Картоп

Жүгері

 Үрмебұршақ

Бұршақ

Бұл өнімдер дәрумендер мен минералдарға бай, сондықтан олардан толықтай бас тартудың қажеті жоқ. Тек диета кезінде мүлдем жемеңіз немесе мөлшерін барынша азайтыңыз. Арықтауға арналған диета кезінде оларды брокколи, болгар бұрышы, сәбіз және кәдіге ауыстырған жөн. Себебі олардың құрамында жасұнықтар мен су көп, олар арықтау процесіне тек пайдасын тигізеді.