Суық мерзімде салмақты бақылауға көмектесетін 5 лайфхак

Суық мерзімде салмақты бақылауға көмектесетін 5 лайфхак
Фото: marieclaire.ru

Күн салқындаған сайын қарын аша береді және физикалық белсенділік азая түседі. Ал бұлар — дене сымбаттылығының жаулары. Ендеше, күз-қыс мерзімінде қалай артық салмақ қосып алмауға болады?

Эксетер университетінің зерттеуі бойынша, қыста артық тамақтану және үнемі тамақ туралы ойлау адам биологиясына, нақтырақ айтса, адамзат эволюциясының тарихына тән жағдай. Ертеде бабаларымыз күз-қыс мерзімінде тамақтың бірден азайып қалуына тап болатындықтан, үнемі қажетті тамақ мөлшерін қамдап алуға тырысқан: олар әдеттегіден, көбірек тамақ жеп алатын болған. Ғалымдардың айтуынша, мұндай рацион әдетке айналып, кейін генетикалық тұрғыда мінез-құлық стратегиясына еніп кеткен.

Алайда ертеде адамдар кез келген ауа-райында аң аулауға шығу керек болды, сондықтан олар жылы уақытқа қарағанда суық мерзімде көбірек калория жоғалтқан. Ал қазіргі заманда түнге таман және көп мөлшерде тамақ жеу көптеген жағымсыздықтарға әкеледі. Сондықтан суық мерзімде артық салмақ қосып алмауға көмектесетін қарапайым лайфхактарды ұсынамыз.

1. Түскі немесе кешкі ас алдында жеңіл сорпа ішіңіз
Пенн Стэйт университетінің зерттеуі бойынша, түскі немесе кешкі ас алдында жеңіл сорпа ішіп алсаңыз, одан кейін жоспарлағаннан аз калория тұтынасыз. Алайда сорпа төмен калориялы болуы керек.

2. Кез келген жағдайда шөптерден дайындалған шай ішіңіз
Адам күн салқындағанда шөлдемейді, нәтижесінде ағза сұйықтық жетіспеуінен күйзеліске ұшырайды. Сондықтан бірдеңе жегіңіз келіп тұрады. Ал бұл негізінде қарныңыздың ашқанын емес, шөлдегеніңізді білдіруі мүмкін. Сондықтан диетологтар суық айларда шөптерден дайындалған шайлар көбірек ішуді ұсынады. Мысалы, көк шай немесе түймедақ шайы тәбетті қалыпқа келтіретіні белгілі.

3. Суық су ішіңіз
Адам өз денесінен төмен температурадағы сұйықтық ішсе, ағза оны жылыту үшін қосымша калория жұмсайды. Бірақ тамағыңызды ауыртып алмаңыз.

4. Құрамында протеин мөлшері жоғары таңғы ас ішіңіз
Адамдар жиі таңғы асқа көмірсуларға бай тағамдар жегенді жөн көреді. Мысалы: бутерброд, круассан, қантты мюсли және т.б. Егер үздіксіз физикалық белсенділікпен айналыспасаңыз, бұл дәмді тағамдар қыста дене пішініне кері әсер береді. Ақуызға бай таңғы ас тәбетті бақылауға көмектесетінін және ұйықтарда тіскебасарлар жеуден құтқаратынын дәлелдеген зерттеулер бар.

5. Тек пайдалы тәттілер жеңіз
Қыста печенье мен шоколадтардан бас тартып, пайдалы тіскебасарлар мен мерзімдік көкөністерді көбірек жеген жөн. Мысалы: картоп немесе асқабақты буға пісіріңіз, қызылшадан дәмді салат дайындаңыз.

А. Жапатова