"Талдықорған Аруы - 2021" анықталды

"Талдықорған Аруы - 2021" анықталды
Фото: tengrinews.kz

"Талдықорған Аруы - 2021" атағын 20 жастағы Рауаш Рүстемқызы иеленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бойжеткен Талдықорған сервис және технологиялар техникумында "дизайнер" мамандығы бойынша оқиды.

                                           

Сонымен қатар, Рауаш - кәсіби биші. Алты жыл бойы ол Талдықорған ансамблінде би билеген.

                                         

"Қазақстанда туризм саласын дамытуды армандаймын. Біздің өлкеміздің сұлулығын көріп, ешкім бейжай қалмайтынына сенімдімін. Сондықтан туризмді дамытуға өз үлесімді қосқым келеді", - деді бойжеткен.

                                         

                                         

Алғаш рет өңірдегі байқаулар онлайн түрде өтіп жатыр. Жұлдызды қазылар алқасы 10 финалистің сауалнамасын қарап, фотосуреттері мен визиткаларын көрді, ZOOM-конференцияда қыздармен сұхбат өткізді. Алғаш рет көрермендер қазылар алқасының отырысын және қатысушылардың сұхбатын көруге мүмкіндік алды.

Қазылар алқасында актер Тәуекел Мүсілім, әнші Мәдина Сәдуақасова, "Қазақстан Аруы - 2013" иегері, тележүргізуші Айдай Исаева, KFW негізін қалаушы, дизайнер, стилист AlexChzhen бар.

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

А. Жапатова