Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі "Көкшетау Аруы - 2021" атанды

Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі "Көкшетау Аруы - 2021" атанды

26 жастағы Әйгерім Әутәліпова 2021 жылғы Көкшетау аруы атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әйгерім Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығы бойынша бітірген. Қазір ол өзін-өзі тану мұғалімі болып жұмыс істейді және SMM-менеджері.

                                         

Әйгерім тамақ дайындағанды, кітап оқығанды ​​және достарымен уақыт өткізгенді жақсы көреді. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін біледі.

                                         

"Отбасында бес адамбыз. Анам, ағам, жеңгем, жиенім және мен. Әкем 5 жыл бұрын қайтыс болды. Тату отбасымыз, анам немере тәрбиесінде, ағам құрылыс компаниясында, ал жеңгем емханада жұмыс істейді", - деді қыз.

                                           

                                           

Алғаш рет байқау онлайн өтіп жатыр. Жұлдызды қазылар алқасы 10 финалистің сауалнамасын қарап, фотосуреттері мен визиткаларын көреді, ZOOM-конференцияда қыздармен сұхбат өткізеді. Алғаш рет көрермендер қазылар алқасы отырысын және қатысушылар сұхбатын көруге мүмкіндік алды.
 
Қазылар алқасында актер Тәуекел Мүсілім, әнші Мәдина Сәдуақасова, "Қазақстан Аруы - 2013" иегері, тележүргізуші Айдай Исаева, KFW негізін қалаушы, дизайнер, стилист AlexChzhen бар.

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz