Жас қалпыңызды сақтағыңыз келсе...

Жас қалпыңызды сақтағыңыз келсе...

Қанша жерден теріге салон процедураларын жасасақ та, тез әсер ететін түрлі крем мен маска жақсақ та, дұрыс тамақтанбасақ мұның ешқандай мәні болмайды. Өйткені сұлулық ағзаның жалпы жағдайына байланысты екенін бәріміз жақсы білеміз. Диетологтар жиі ұсынатын, терінің жай-күйіне оң әсер ететін өнімдерді тізіп көрейік.

1. Сары май

Жасушалық мембраналар майдан тұрады және біз оларды қаныққан мал майынан әдемі бөтелкедегі зәйтүн майына айырбастауға «үгіттей» алмаймыз. Орынды мөлшердегі жақсы сары май немесе қорытқан май қан тамырларына да, сымбатыңызға да еш кері әсер етпейді, есесіне теріңіз серпімді бола түседі.

2. Зәйтүн майы

Енді қан тамырларына толыққанды тоқталайық: бет терісінің сау түсі мен тері денсаулығы дұрыс қан айналымына тікелей байланысты, ал ол өз кезегінде жүрек бұлшық етінің күшіне, тазалығы мен қан тамырларының қабырғасының қаттылығына байланысты. Бұл жағдайда зәйтүн майының майлы қышқылдары көмекке келеді. Олар жүрек-тамыр жүйесін жуып-шайып, жаңа өмір сыйлайды. Зәйтүн майының құрамындағы олеокантала мықты антиоксидант. Ол тері қартаюының алдын алып, ақыл-естің жақсаруына әсер етеді. Бонус ретінде өт айдау жолдарын жақсартып, бүйрек жұмысын реттейді, бұл да теріге оң әсер етеді.

3. Кокос майы

Бұл әмбебап өнімді тері мен шашқа жағу арқылы ғана емес, тағам ретінде тұтыну арқылы да пайдасын көруге болады. Кокос майы терінің үлкен мәселелерін (құрғау, бос тері, жарылу) шешіп қана қоймай, ағзаның жалпы иммунитетіне, зат алмасу процесіне жақсы әсер етеді. Ол жүйелік аурулар кезінде, атопиялық және вирустық зақымдану кезінде ағзаның жалпы жағдайын жақсартады. Тағы бір қоса кететін жайт: бұл ысытуға болатын майлардың ішіндегі бірегейі. Сондықтан егер сіз бірдеңе пісіріп, қуырғыңыз келсе, онда дәл осы кокос майын таңдағаныңыз жөн.

4. Су

Барлық ылғалдандыратын крем мен сарысулар тері клеткаларының ылғалды сақтап тұруына бағытталған: егер ылғал жетіспесе сақтап тұратын да ештеңе болмайды. Негізінде, бұл бөлімді эфпиграф ретінде алу да артық етпейді, өйткені дұрыс гидратация – сұлулық кепілі.

5. Сардина және басқа да майлы балық

Балық құрамындағы Омега-3 майлы қышқылдары теріні сыртқы кері әсерлерден қорғайтын тері бетінде өте жұқа тосқауыл қабатын түзеді. Сонымен қатар майлы қышқылдар ішкі және сыртқы қабыну процесстерін басады (екеуінің де біздің сұлулығымызға еш оң әсері жоқ).

6. Устрица

Бар-жоғы 10 грамм жабайы устрицалар мырыштың 100% күндізгі нормасын орындайды. Мырыш – теріге арналған фотошоп десек те болады: қабынуды кетіреді, безеу мен басқа да секпілдердің пайда болуының алдын алады, терінің жастығын сақтайтын – Е дәруменінің жақсы сіңуіне әсер етеді.

7. Бақбақ

Осы сәтті пайдаланып қалайық! Әрине, қалалық саябақтан бақбақ терудің қажеті жоқ, бірақ табиғатқа шықсаңыз тегін дәріні неге пайдаланып қалмасқа? Бақбақтың тазартқыш қасиеті бар – оны салатқа сүйікті рукколамен немесе соның орнына қоссаңыз болады.

8. Айран

Терінің әдемілігі ас қорыту жүйесіне де тікелей байланысты. Ұлттық өніміміз – айран ішекті өте пайдалы өміршең бактериялармен қамтамасыз етеді. Олар өз кезегінде ферментті теңгерімді оңтайландырып, теріге қажетті дәрумендерді өз бетінше жинақтайды. Күніне кешке бір стақан айран ішуді әдетке айналдырсаңыз ұтылмайсыз.

9. Сұлы

Сұлы ботқасы – денсаулыққа ең пайдалы өнімдердің бірі. Сұлы ботқасы ерімейтін жасұнықтардың қайнаркөзі болғандықтан және асқазанға ең пайдалы өнім ретінде ас қорытуды жақсартады. Бұдан өзге, оны жеке ингредиент ретінде де пайдалануға болады – сұлы жармасынан кофе үгіткіште керемет скраб дайындауға болады. Оны күнделікті жуынуға арналған қоспаға араластырып, бетті тазартуға болады, ал егер оған ұсақталған құрғақ ақжелкен қоссаңыз – тері түсін жақсартатын қоспа шығады.

10. Цитрустар

С дәрумені – терінің жас болуына арналған басты дәрумендердің бірі. Көптеген косметикалық бренд оны терінің қартаюына қарсы сарысулар мен кремдерге қосатынын байқаған боларсыз? Апельсин мен грейпфруттарды жиі тұтыну, күнде таңертең апельсин сығындысын ішу арқылы терінің иілгіштігін арттырып, түсін жақсартып, қартаюының алдын алуға болады. Оған қоса шырын сығындысы ағзаның жалпы жағдайына да жақсы әсер етеді.




ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар