Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Сымбат / "Асығыс" макияж

"Асығыс" макияж

Кездесуге кешігіп жатырсыз ба? Асығып жасалған мэйк-апыңыз оғаш көрініп қалмасын десеңіз, бұндай сәттері кейбір косметика құралдарын қолданбағаныңыз жөн.

Жабыстырылатын кірпіктер

Уақыт тығыз кезде кірпік жабыстырып отырудан бас тартыңыз. Нәтижесі дұрыс болмай, кірпігіңіз күлкілі көрініп, уақыт өте түсіп қалуы мүмкін. Кірпіктер дұрыс жабысуы үшін жіңішке жаққышпен жасанды кірпікке желім жағыңыз. Оны өзіңіздің кірпіктеріңізге барынша жақын қылып орналастырып, қатты қысып, 30 секунд ұстай тұрыңыз. Желімделген жерді жасыру үшін үстін қара сұйық сүрмемен сызып өтіңіз.

Сұйық сүрме

Бұл косметикалық құралды да асыққанда қолданбаған дұрыс. Уақыт жоқ кезде қолыңыз өзінен-өзі дірілдей бастап, сызық қисық болып кетеді. Асығып тұрсаңыз да, сұйық сүрмені қолданып, сызығыңыз қате шықса, бар еңбегіңізді өшіруге асықпаңыз. Одан да суланған мақтамен артық бояуды сүртіп, жағылып кеткен жерлеріне консилер тамызып, түсін қалпына келтіріңіз. Артынан тағы да бір рет асықпай сызық салыңыз.

Қола түстес опа

Бұл керемет косметикалық құрал жылдың әр маусымында сізді күнге күйген ару қыла алады. Алайда асыққанда әдемі тері түсінің орнына "күйіп" кете аласыз. Ондай болмас үшін, опаны жақсы жарықтандырылатын жерде жағыңыз. Жаққышты опаға малып, артығын қағып тастаңыз.

Жақсы мэйк-апқа қанша уақыт керектігін алдын ала асықпай отырғанда есептеп алыңыз. Біреуге 10 минут жеткілікті болса да, басқалары сағаттап отыра алады. 

Ал сіз макияжды қанша уақытта жасайсыз?

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет:designnavigator.ru

3120 9
Рейтинг: +2

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 12 желтоқсан 2012, 13:54
Пікірлер
+0
12 желтоқсан 2012, 14:33

Cұйық сүрмені жай уақытта да әдемі етіп жағуды үйрене алмай-ақ қойдым. Құрбым сызып беріп жүр ) ;)

+0
12 желтоқсан 2012, 14:58

менде сыза алмаймын))

+0
12 желтоқсан 2012, 15:42

сүрмені қолданып көрмеппін :)

+0
12 желтоқсан 2012, 16:20

мен де ;)

+0
12 желтоқсан 2012, 16:21

Мен сұйық емес сүрме қолданам. Макияжға асыққанда бес минут кетеді, асықпасам отырааааа берем ;)

+0
12 желтоқсан 2012, 16:47

Бүкіл макияждың орнын әдемі жағылған сүрме ауыстыра алады!

+0
12 желтоқсан 2012, 17:23

рас, бірақ бәрібір қиын жағылуы)

+0
14 желтоқсан 2012, 12:30

сүрме подводка ма? Эйвонның каталогында тушь-ті сүрме деп аударады ғой?

+0
14 желтоқсан 2012, 17:35

калам-сүрьме(карандаш подводка) жаксы сұйық, кисык болмайды :geek:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...