Негізгі / Бойжеткен / Сымбат / Антисептиктен соң қол терісін қалай ылғалдандырамыз?
Антисептиктен соң қол терісін қалай ылғалдандырамыз?

Коронавирустің әлем бойынша жылдам тарауына байланысты адамдар антисептикті жиі қолданудың маңыздылығын түсініп жатыр. Антисептиктердің бір кемшілігі – теріні қатты құрғатуы. Ендеше, антисептиктерден соң теріні қалай ылғалдандыру керегін айтамыз.

Жуынатын бөлмелерде әлі де кесек сабын тұрады. Алайда кесек сабын қол терісін құрғатып жібереді. Оның орнына сұйық крем-сабын қолданған жөн. Оның үстіне вирустан сақтану үшін де дәрігерлер сұйық сабынмен жуынуға кеңес береді.

Антисептикті үйде дайындау

Антисептиктің құрамында болатын спирттің кесірінен тері құрғап, қатпарлана бастайды. Қол терісіне дұрыс күтім таңдау маңызды. Теріні ылғалдандыру үшін құрамында тыныштандыратын компоненттері (түймедақ немесе алоэ) бар крем алған дұрыс. Сондай-ақ кремнің құрамында судың мөлшері көп болуы керек, себебі су теріні ылғалдандыратын компоненттермен толтырады.

Бірақ кремді антисептикпен бірге немесе далаға шығарда жағуға болмайды. Кремді қолға күніне 2 немесе 3 рет жағуды әдетке айналдырыңыз. Крем қолға сіңу үшін оны өзіңіз демалған кезде жағып қойған дұрыс. Мысалы: түстен кейін демалғанда және ұйықтар алдында.

Теріні терең ылғалдандыру үшін тек креммен ғана шектелмей, қолға май жағуға да болады. Мысалы, кокос майын үйден отырып-ақ кез келген интернет-дүкенге тапсырыс беру арқылы алдыруға болады.

Карантин кезінде өзіңізге күтім жасауға уақыт бар. Сондықтан аптасына бір-екі рет қолға арналған ванналар жасауға болады. Ол үшін қолыңызды тұзды суға салу жеткілікті. Эфир майларын да пайдалануға болады.

Денсаулыққа пайдалы 5 эфир майы

Дайындаған: Ақтоты Жапатова
Фото: freepik.com
Қосылған күні: 28 наурыз, 13:30
Ұқсас жазбалар:
Үйде жасауға болатын салондық SPA-процедуралар Massaget.kz
"Күтімді қол" мазі Massaget.kz