Chanel ұсынған бет массажы

Бетке арналған кремдердің әсері болуы үшін Chanel зерттеушілері 3 түрлі арнайы техника дайындаған. Құрғақ, жас не егде теріге арналған жеке әдістерді өзіңіз таңдап қолдансаңыз болады. Крем жаққан кейін де оған көңіл бөлу керегін осыған дейін біліп пе едіңіз?

Бетті тегістеу үшін

Әжімнің пайда болуын тежеу үшін осы әдісті қолданған дұрыс. Терінің қалыпты болуы үшін бас бармақ пен сұқ саусақтың көмегімен маңдай, ерніңіздің айналасын, әжім бар тұсты шымшыңыз. Кейін саусақтың ұшымен шымшыған тұсты басып, сипап шығыңыз. Үш рет қайталаңыз.

Терінің серпімді болуы үшін
 
Оң қолыңыздың бас бармағымен бетіңіздің ұшын (көздің асты), ал сол қолыңыздың төрт саусағымен жақ тұсыңызды суреттегідей массаж жасаңыз. Үш рет қайталаңыз.
 
Теріні ажарлау үшін
Беттегі қанайналымды реттейтін массаж. Ортаңғы саусақпен мұрын, маңдай тұсын, қас пен бетті тез-тез уқалап шығасыз. Үш рет қайталаңыз.