Моника Беллуччидің қызы көпшілікті сұлулығымен тәнті етті

Моника Беллуччидің қызы көпшілікті сұлулығымен тәнті етті
Фото: vk.com

Бүкіл әлем хас сұлу деп таныған Моника Беллуччи мен француз актері Венсан Кассельдің 15 жасқа келген Дева Кассель есімді қызы модель ретіндегі дебютін жасады.

Ол Dolce Shine әтірінің жарнамасына түсіп, жұртшылықты сұлулығымен тәнті етті. Түсірілім Амальфи жағалауында болған. Жас жұлдыз жарнамалаған Dolce Shine жұпарының құрамында грейпфрут, айва, манго мен жасмин бар. Әтір сатылымға 2020 жылдың көктемінде шығады.

Естеріңізге сала кетейік, кинематограф тарихында ең үйлесімді жұп танылған Венсан Кассель мен Моника Беллуччидің Девадан бөлек Леони есімді қызы бар. Беллуччидің өзі де жас кезінен Dolce & Gabbana брендімен тығыз байланыс орнатып келеді. Енді оның жолын анасынан айнымайтын жас бикеш жалғайтын болды. 

А. Оралқызы