Сұлулық сырлары: Модель Ирина Шейк

Сұлулық сырлары: Модель Ирина Шейк
Фото: vk.com

Әлемді сұлулығымен тәнті еткен татар қызы Ирина Шейк сән інжілі саналатын Vogue журналының наурыз айындағы мұқабасына шығады. Басылымға берген сұхбатында ол өзінің сұлулық сырларымен бөліскен екен. Солардың бірқатарын сіздерге ұсынамыз.

"Таңның дұрыс атуы — күннің қалай өтетінінің кепілі. Мен ояна сала асықпай душ қабылдағанды жақсы көремін. Таңғы ас алдын лимон қосылған су ішемін. Мұны маған анам үйреткен. Ылғалдандырғыш крем жағып, ұнататын әтірімді ғана себемін. Бұл ұзақты күні сергек жүруге көмектеседі",-деді Шейк британиялық Vogue журналистеріне.

Ирина Шейк анасымен

Ирина Шейк әпкесімен

Ол сондай-ақ күнделікті өмірде макияж жасамайтынын, тек көзінің астына консилер ғана қолданатынын айтты.

Негізгі күтімді модель кешкі уақытқа қалдырады екен. Бетін тазартқыш гельмен жуғаннан кейін, коллагенді маска пайдаланады. Әсіресе, масканы ұшақта қолдануға кеңес береді. Себебі әуеге көтерілу адам терісіне ғана емес, тұтас ағзасын күйзеліске түсіреді.

А. Оралқызы