Дене сымбатына зиян келтіретін 5 пайдалы азық-түлік

Диетаның түр-түрі бар. Мысалы, арнайы маман немесе дәрігер адамның денсаулығына қарай диета жазып беруі мүмкін. Пайдалы тағамның бәрі бірдей аз калориялы болып келмейді. Сондықтан мақсатыңыз арықтау болса, кей пайдалы өнімдерді жеуді азайту керек болады.

Ботқа
Ботқа – пайдалы тағам. Бірақ арықтағыңыз келсе, оны сүтсіз, қантсыз, тұзсыз және майсыз дайындау керек. Ал бұл ингредиенттерсіз ботқа дәмсіз келеді. Суға піскен ботқаны тосаппен немесе қойылтылған сүтпен емес, даршын, ваниль, кардамон, мускат жаңғағымен жеуге ғана болады. Арықтағысы келетін адамдарға оған аздап жаңа піскен жидектер қосу да рұқсат етіледі.

Жаңғақтар
Жаңғақтар – дәмді, тойымды әрі пайдалы тіскебасар. Жаңғақтардан толықтай бас тартудың қажеті жоқ, себебі олар жүрек-қан тамырларына қажетті ақуыздар, майлы қышқылдар, жасұнықтар, Е дәрумені және майларға толы. Алайда бұл пайдалы өнімнің калориясы көп екенін ұмытпайық. Оған қоса жаңғақтардың шамамен 80%-ы майдан тұрады. Мысалы, 30 г жаңғақта (1 ас қасық) жүзден екі жүзге дейін калория бар.

Құрғақ таңғы ас
Бұл өнімдерді жарнамадан жиі көресіз. Мюсли секілді құрғақ таңғы астарға өндірушілер көбірек қант және шоколад бөліктерін салады. Сөйтіп, сіз пайдалы деп ойлаған таңғы ас десертке айналады.

Әйел адамдарға пайдалы 5 азық-түлік

Қара шоколад
Сарапшылар шоколадтың қара түрін жеуді ұсынады. Ол оның басқа түрлеріне қарағанда пайдалырақ екенін білеміз. Қара шоколад холестерин мөлшерін төмендетеді, шаш құрылымын жақсартады, бет терісіне жағымды әсер етеді және көңіл күйді көтереді. Бірақ оны пайдалы екен деп өте көп мөлшерде, әсіресе, кешке жемеу керек. Ол тәтті болғандықтан оны көп жеп қойып, калория қосып алуыңыз мүмкін.

Жемістер
Жемістер – пайдалы, дәмді және төмен калориялы өнімдер. Диета кезінде жемістер жеу арқылы аштық сезімінен арылуға болады. Бірақ бұл пайдалы өнімнің өзінде жеміс қантының (фруктоза) көп мөлшері бар. Сондықтан оларды да шектен тыс мөлшерде жемеу керек. Себебі ағза жемістерді қорыту үшін инсулин бөлуі керек екен.

Қорытындылай келсек, кез келген азық-түлікті мөлшермен жеуге тырысу керек. Себебі қай тағамды болмасын шектен тыс жесеңіз, ол ағзаға зиянын беруі әбден мүмкін.