Негізгі / Бойжеткен / Сымбат / Арықтай алмай жүрсіз бе?
Арықтай алмай жүрсіз бе?

Дұрыс тамақтануға көшу - көп ақша не уақыт қажет етпейді. Бастысы – оны әдетке айналдыру. Алайда кейде қанша тырыссаңыз да, дұрыс тамақтану ережелерін ұстансаңыз да, артық салмақтан арыла алмауыңыз мүмкін. Негізінен тамақтанудың көзге көрінбейтін маңызды компоненттері бар. Олар ағзаға қажетті мөлшерде келмесе, арықтауға кедергі келтіруі мүмкін.

1. Тұз

Әдетте, адамдар тұзды артық мөлшерде қолданады. Ересек адам тәулігіне тұзды 4-6 г, ал 7 жасқа дейінгі балалар 2-3 грамм тұтынуы керек. Тұз құрамындағы натрий ағзадағы көптеген пайдалы функцияны атқарады, бірақ сондай-ақ суды "бөгеп", денеге артық салмақ қостырады және артериялық қысымды көтереді.

Дұрыс тамақтану ережесінде тұздан мүлдем бас тарту керегі айтылмайды, тек оны азайту ұсынылады. Себебі тұздың ағзаға жетіспеуі оның артық болғаны секілді зиян келтіреді. Қарапайым ас тұзын құрамында натрий мөлшері аз тұзбен ауыстырған жөн. Олар ірі супермаркеттерде сатылады, тек қаптамасын мұқият оқу керек. Бірақ сондай пайдалы тұздың өзін күніне 1 шай қасықтан көп қолданбаған дұрыс.

2. Тағамдық талшықтар

Адамдардың көпшілігі рационына тағамдық талшықтардың жетіспейтінін білмейді және олардың хал-жай мен сыртқы келбетке қалай әсер ететіні жайлы ойланбайды. Тамақтанудың бұл компоненті тағамдық май қалдықтарын жұтады, ағзаға келіп түскен көмірсулардың гликемиялық индексін азайтады және пайдалы ішек бактерияларына арналған құнарлы ортасы екенін естен шығармаңыз.

Рационда 20-30 г тағамдық талшықтар, яғни күніне шамамен 300-400 грамм көкөніс пен жеміс немесе 3-4 қасық бидай кебегі болуы керек.

3. Магний

Бұл микроэлемент ағзадағы барлық зат алмасу процестері үшін маңызды. Ол глюкозаның энергияға айналуына қатысады. Егер механизм бұзылса, глюкоза қалдықтары ағзаға май қабаты ретінде жинала береді.

Құрамындағы магний мөлшері бойынша көшбасшы – күнжіт. Магний жаңғақтарда, жармаларда және қара шоколадта болады. Қара күнжіт оның ақ түріне қарағанда пайдалырақ: оны "шикі" түрінде салаттарға қосып жеу ұсынылады.

4. Темір

Темір жетіспеу – әйелдерде жиі кездесетін мәселе. Статистика бойынша әйелдердің 60%-ы темір жетіспеуден қиналады. Шаштың жиі түсуі, сынғыш тырнақ, құрғақ тері, әлсіздік, мазасыздық, нашар ұйқы, жүрек соғуының жиілеуі, физикалық ауыртпалықты көтере алмау – мұның барлығы анемияның белгілері. Ағзаға темір жетіспеудің тағы бір жағымсыз салдары – тұзды тағамды жақсы көру. Ал ол қайтадан артық салмақтың пайда болуына себепші болады.

Бұл жағдайдан шығу үшін толықтай вегетариандық тамақтануға кетіп қалмау керек. Әрине, қарақұмықтан, шпинаттан және анар шырынынан темір алуға болады. Бірақ ағзаға қажет темір жануарлар өнімінде ғана бар: бауыр, бүйрек, жүрек, қызыл ет, қызыл балық, тауық еті және жұмыртқаның сарысы.

5. Йод

Эндокринді жүйенің жұмысын қалқанша бездер қамтамасыз етеді. Қалқанша без дұрыс жұмыс істемесе, зат алмасу да бұзылады. Зат алмасу процесі бұзылса, артық салмақтан арылу қиын болады. Сондықтан құрамында йод мөлшері көп теңіз өнімдерін жеуге тырысыңыз.

Дайындаған: Ақтоты Жапатова
Фото: ru.freepik.com
Қосылған күні: 23 қаңтар, 18:04
Ұқсас жазбалар:
Адамды ерте қартайтатын 4 әдет Massaget.kz
Табиғи косметиканы қалай ажыратуға болады? Т Massaget.kz