Тушь кеуіп қалса...

Егер тушьті өте сирек қолдансаңыз және ол үнемі кеуіп қала берсе, оның жаңасын сатып алудың қажеті жоқ. Бұл косметикалық құралды үйде қалпына келтіруге болады.

Тушьті 5 минутқа қайнаған суға салыңыз

Бұл тушьті қалпына келтірудің ең оңай жолы. Егер тушьтің құрамында парафин болса, онда қалпына келтіру процесі жеңілдей түседі. Ол үшін тушьтің қақпағын жауып, қайнаған су құйылған ыдысқа 5-7 минутқа салу жеткілікті. Содан соң тушьті жақсылап сілкіп жіберу керек. Сол кезде тушь қайтадан қалпына келеді. Тушьті ыдысымен бірге қайнатуға болмайды, әйтпесе косметика құрамы бұзылады.

Жанаспалы линза ерітіндісін қолданыңыз

Бұл әдістің артықшылығы – ерітіндінің гипоаллергенді (аллергия болу қаупі минимумға жеткізілген) болуы. Ол құрамы бойынша адамның көз жасына ұқсайды және көбен жанасуға арналған. Бірақ сақтық үшін косметиканы қалпына келтірген соң тестілеу жүргізген жөн: тек бір көздегі кірпіктің бір бөлігін ғана бояңыз. 20-30 минутта ешқандай реакция болмаса, косметиканың жарамды болғаны. Тушьті қалпына келтіру үшін тушьқа линзаға арналған ерітіндінің 3 тамшысын тамызып, жақсылап сілкіңіз.

Ылғалдандыратын көз тамшыларымен араластырыңыз

Бұл ең қауіпсіз әдіс. Себебі көз тамшылары көз қабықшасымен жанасуға арналып шығарылады. Тушьқа 2-3 тамшы көз тамшысын тамызып, түнге қалдырыңыз. Ертеңгісін жақсылап сілкіп, қолдана беруіңізге болады.