Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Сымбат / Жаңа өзгеріс: Күтім бойынша 5 кеңес

Жаңа өзгеріс: Күтім бойынша 5 кеңес

Жаңа өзгеріс: Күтім бойынша 5 кеңес

Күн жылыған бойда көпшілігіміздің қуанатынымыз рас. Көктем-жаз мерзімі әйел затын сұлу болуға шақырады. Ол өзгеруге нағыз қолайлы мезгіл болғандықтан, күтім бойынша қолға алу керек бірнеше кеңес ұсынамыз.

Пилинг

Сапалы әрі толыққанды пилинг – қыста жеткілікті уақыт бөліне бермейтін тері күтімінің маңызды кезеңі. Ал көктемнің келуімен бұл процедураға мән берген жөн. Терінің өлген жасушаларынан арылудың екі зиянсыз әдісі бар: денеге құрғақ щеткамен массаж жасау және әр асүйде табылатын табиғи өнімдерден (қант, кофе) скраб жасау. Бұл екі әдіс те терінің тонусын көтеріп, целлюлиттің пайда болуын азайтады.

Басқа массаж жасау

Отырған күйде жұмыс істеу және аз қозғалысты өмір салты хал-жайға, ұйқы сапасына, қан айналымға тікелей әсер етеді, сонымен қатар дене мүсіні мәселесіне, бас ауруға, әлсіздікке және шаш түсуге әкеледі. Сондықтан басыңызға массаж жасауды бастаңыз. Бұл процедура жоғарыда айтылған проблемалардың алдын алуға көмектеседі. Бас массажына ұйықтар алдында 15-20 минут арнаңыз. Массажға кіріспес бұрын бас массажының техникасын, қауіпсіздік ережесін зерттеп алыңыз. Содан соң қолыңызға босаңсытатын эфир майын тамызып, айнаның алдына отырып, массажға кірісіңіз. Массаж кезінде ұялы телефоныңызды дыбыссыз режимге қойыңыз. Бас массажы кезінде тек өзіңіз болғаныңыз жақсы, себебі ол сізге медитация секілді әсер береді.

Зақымданған шашты қалпына келтіру

Жаңа шаш үлгісі – өзіңізді немесе өміріңізді өзгерткіңіз келгенде ойға бірінші келететін нәрселердің бірі. Түбегейлі өзгеріс жасау міндетті емес, шаш ұшын қидыртып, шаш үлгісін жаңартудың өзі жеткілікті. Үй жағдайында бас терісіне аса мән берген жөн, себебі оның жағдайы шаш қалыңдығына және саулығына тікелей әсер етеді.

Ағзаны тазарту

Ағзаңызды арықтататын қатаң диеталармен қинағанша дұрыс тамақтануға көшіңіз. Ағзаңызды тыңдап үйреніңіз. Тәтті тағамдарды құрма, жаңғақ немесе тәтті жемістерге ауыстырыңыз. Егер ағзаңызды тазарту керектігін сезсеңіз, жасыл көкөністерді көбірек жеуге тырысыңыз. Сі ішу режимін қалыпқа келтіріңіз. Ағзаға газдалған және тәтті сусындар зиян, сондықтан олардан бас тартып, қарапайым суға көшкен жөн.

Спортпен айналысу

Өзіңізді жаңа адам ретінде сезінуге әрине, спорт көмектеседі. Спорттың сізден аса күш талап етпейтін ыңғайлы түрін таңдаңыз. Мысалы, йога, пилатес, созылу – спорттың бұл түрлері адамды денесімен байланыс орнатуға бағытталған. Егер арнайы жаттықтыру орындарына баруға уақыт немесе қаражат болмаса, видеосабақтар қарап та жаттығуға болады. Қалай болғанда да, уақытылы спорт – өзіңізбен мақтануға және өзіңізді жақсы сезінуге бір себеп.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақтоты Жапатова
Фото: pixabay.com
Қосылған күні: 11 мамыр, 19:30

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.