Сұйық сабынды қолдан жасап алыңыз

Сұйық сабынды қолдан жасап алыңыз

Қарапайым сабын қол терісін құрғатып тастайды. Алайда сабынсыз күніміз жоқ екені белгілі. Әлбетте, теріңізді күтіп ұстау үшін түрлі майларды да пайдалана аласыз. Бірақ сұйық сабынды теріңізге сай концентраттардан жасап алсаңыз болады ғой. Ол үшін бізге не керек?

  • ¼ стақан сұйық бал;
  • 1 үлкен қасық сұйық сабын;
  • ½ стақан глицерин (дәріханада сатылады).

 

Сұйық сабынды қол теріңіздің типіне байланысты таңдаңыз. Майлы теріге сұйық қарамайлы сабын, құрғақ тері үшін – ылғалдандыратын сабын пайдаланыңыз. Әмбебап шешім – балаларға арналған сұйық сабын.

Барлығын араластырыңыз да, түзелген біртектес қоспаны дозаторлы сауытқа құйыңыз. Бұл сұйық сабынмен бетіңізді де, қолыңызды да жуа аласыз. Сабынды жағып, 1-2 минуттай уқалап жағыңыз. Ол теріңізді тазартып қана қоймай, құрғап қалудан сақтайды.

Сурет: vk.com

Дайындаған: Анар Мұстафина

A. Mustafina