Көз астындағы дақтар

Көз астындағы дақтар

Көз астындағы күңгірт дақтардың себебі түрлі болуы мүмкін. Бүйрек ауруы, шаршағандық, ұйқының жетіспеуі. Оларды косметиканың көмегімен жасырмай, ішінен жаздырып көріңіз.

  1. Тексерілген әдістердің бірі - ұйқы режимін дұрыстау. Ұйқысы қанбаған адамның терісінің түсі өзгеріп, бетінің табиғи шырайы жоғалады. Терісі ағара түскен адамның көзінің астындағы күңгірт дақтар да қаттырақ байқала бастайды.
  2. Көз маңындағы терінің қан жолдары көп болады, және олар теріге өте жақын орналасады. Сол қан тамырларын берік қылып, күңгірттіктен арылуға болады. Ең оңай шешім - көз маңындағы теріні мұз кесектерімен сүрту. Алайда бұл дауаны абайлап жасау керек. Тамырларыңыз тым қатты көрініп тұрған жағдайда, бұл әдістен бас тартқан жөн.
  3. Қан жолдарын берік қылу үшін дәрумендер де көмекке келе алады. Бұл жолда К дәрумені сізге пайдалы болмақ. Оны А дәрумені не оның туындыларымен бірге қабылдау керек - екеуі ағзамен жақсырақ қабылданады. Бұл дәрумен орамжапырақта көп кездеседі.
  4. Күңгірт дақтардың пайда болуының тағы да бір себебі терінің тым жұқа болуы. Оны күнделікті ылғалдандырып, қоректендіріп отыру керек. Маска, крем сияқты сырттан әрекет жасайтын құралдар жақсы көмек бола алады. Сондай-ақ көзді қолмен ұстай беру, не макияжды қатты басып сүрту терінің жағдайына әсер етуі мүмкін. 

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: homesovety.ru

С. А