Бьюти-рекорд: Шашы 182 сантиметр жасөспірім

Бьюти-рекорд: Шашы 182 сантиметр жасөспірім
Фото: vk.com

Ниланши Патель есімді 16 жастағы үнді қызы шашы ең ұзын жасөспірім ретінде Гиннесстің рекордтар кітабына енді.

Ниланшидің шашының ұзындығы 182 сантиметрге жетеді. Оны өсіру үшін 10 жыл шашын қимаған екен. "Шаштараз өзіме ұнамайтын үлгіде қиып бергеннен кейін ойымды өзгерттім. Ол кезде жасым 6-да болатын, – дейді Патель.

Шаш күтіміне 2 сағат уақыт кетеді екен, оның жарты сағаты жууға жұмсалса, қалғаны шашты тарауға кетеді. Бұр рәсім аптасына 1 рет жасалады. Ниланшидің негізгі көмекшісі – оның анасы.

Естеріңізге сала кетейік, әлемдегі ең ұзын шаш 5 метрге жетеді. Бұл рекорд қытайлық  Кси Кипингке тиесілі.

А. Оралқызы