Бетті коррекциялау ережелері

Бетті коррекциялау ережелері

Бетті коррекциялап, түсін дұрыс келтіру оның пішініне байланыcты жасалуы керек. Біріншіден, өз бетіңіздің пішінін анықтаңыз. Ол үшін шашыңызды артқа жинап, айнаға мұқият қараңыз. Бетіңіздің пішіні келесі суреттердің қайсысына көбірек ұқсаса, сол суреттегідей боянуыңыз жөн болады. Блик - ашық түсті, яғни сіздің бетіңіздің түсінен ашығырақ, контур - одан қоңырқай түс. Осы кеңестерге құлақ түріп, беттің реңін келтіретін кремді қолдансаңыз, бет-әлпетіңіз тамаша көрінбек! 

 Дөңгелек пішінді бет

 

Төртбұрыш пішінді бет

 Үшбұрыш пішінді бет

Алмұрт тәріздес бет


Ал енді реңк беруші кремді дұрыс қолдану ережелерін атап өтейік:

Реңк беруші кремнің кішкене бөлігін алақаныңыздың шетіне құйып, жылытыңыз. Саусақ, крем жаққыш не спонж көмегімен кремді алып, мына ережелерге сүйеніп жағыңыз:

1. Алғашқы крем жағылуы тиіс жер - қастар арасы. Қас арасына кремді жағып, шаш өсетін жерге дейін жалғастырыңыз.

2. Осы нүктеден самайға қарай кремді маңдайыңыздың бойымен жағыңыз.

3. Мұрынмен төмен түсе отырып жағыңыз.

4. Кремнен тағы да алып, самайдан төмен бет пен жаққа жағыңыз.


Крем жағылған аймақтардың арасын мұқият қосуды ұмытпаңыз. Бетіңіздің ерекше ақауларын жасырамын десеңіз, сол жерге саусағыңызбен кремді жақсаңыз болады. Оның үстін ақырын ұрып, тегіс екеніне көз жеткізіңіз. 

Опаны да осы ережелерге сүйеніп жақсаңыз дұрыс болады.

Суреттер vkontakte.ru сайтынан алынды.