Бет терісіне арналған дәрумендер

Бет терісіне арналған дәрумендер
Фото: Яндекс

Бет терісі аса көп күтімді қажет етеді. Оны әуел баста ешқандай химиялық қоспалары бар косметикалар, түрлі кремдер жақпай-ақ таза ұстауға болады. Ал теріңізді зақымдап үлгерген болсаңыз, мына дәрумендер көмегіне жүгініп көріңіз.

А дәрумені – ретинол. Терінің үстіңгі қабатын қалпына келтіруді тездетеді, коллаген түзілуіне сеп болып, иммундық жүйені жақсартады, басқа да пайдалы қызметтері көп. Балық майы мен бауырында, кілегей майында, ақуызда, сүт өнімдерінде көптеп кездеседі. Құрамында каротин бар жеміс-жидектер мен көкөністер ағзаға түскенде ретинолға айналады, бірақ өсімдіктерде А дәрумені азырақ болады.

Е дәрумені — токоферол. Жасуша мембраналарын зақымдалудан сақтайды, А дәруменін қышқылдандыратын күшті антиоксидант. Өскіндер мен жаңғақтар құрамында бар.

D дәрумені — холекальциферол. Терінің қорғаныс қабаттарын күшейтіп, регенарацияны, яғни терінің қайта түзіліп қалыпқа келуін тездетеді. Күн сәулесі әсерінен теріде өздігінен туады.

C дәрумені — аскорбин қышқылы. Жақ түтіктерін тұрақтандырады, жараның тез жазылуын қамтамасыз етіп, қартаюды баяулатады. Балғын көкністер мен жемістер құрамы осы дәруменге бай, жылылық өңдеуде қасиетін жоғалтады.

К дәрумені қоюлануды азайтады. Беттегі тамырлы кемшіліктерге көмектеседі, ағартатын қасиеті бар.

@. @assel_assanova