Тушьтың алтын қағидалары

Тушьтың алтын қағидалары

Кірпікке арналған тушь әр қыздың косметикасының арасындағы ең пайдалы әсемдік құралы болар. Кірпігіңіз әр кез әдемі боялуы үшін, мына кішігірім кеңестермен таныс болыңыздар. 

  • Тушь таңдағанда оның пішініне үлкен мән беріңіз. Қалың щетка кірпікке көлем береді, иілген пішіндісі кірпіктерді бұрайды, пластмассалы қысқа щетка әр кірпікті бөліп, ұзартады.
  • Қара тушь - әмбебап құрал. Ол кез келген түсті көздерге, шашқа, қабақ бояуына жарасады.
  • Тушь тек көзді бояп қана қоймай, кірпіктерге күтім көрсетсін десеңіз, құрамында балауыз, кварц, кератин, пантенол, каолин, дәрумендер бар түрлерін таңдаңыз.
  • Суда ақпайтын тушьты қолданбаған жөн. Қолданатын болсаңыз, оны көзден сүрткенде, ерекше абай болыңыз. Оны кетіру үшін арнайы косметикалық сұйықтықтарды қолданыңыз.
  • Көзіңіз одан да әдемі көрінсін десеңіз, тушьты бірнеше қабат жағыңыз. Екінші қабат жақпас бұрын, біріншісіне кебуге мүмкіндік беріңіз.
  • Астыңғы кірпіктерді бір реттен артық боямай-ақ қойыңыз. Керісінше жағдайда макияжыңыз тым жасанды көрінеді.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: gortenzija.com

С. А